Әлеумет Қоғам Құқық

Кезбелерге тықыр таянды

Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде көше кезіп, өткен-кеткенге қол жайып, қайыршылықпен айналысқандарға айыппұл салатын заң қабылданған болатын. Сол кезде «онсыз да ішер тамаққа жарымай жүргендерге айыппұл салу қаншалықты ақылға қонымды?» деген пікір білдіргендер болған. Дегенмен, бұл заңның өзге елден келіп, қайыршылықты табыс көзіне айналдырғысы келетіндер үшін тоқтам болатыны рас. Сол себепті қайыршыларға қатысты қандай да бір шараның көрілу керектігі күн тәртібіндегі мәселе болғаны талассыз.

Сол заңның күшіне енгеніне біраз уақыт болса да қарасын батырған қайыршыларды байқамадық. Сол қайыршылар әлі де көше кезіп, әркімге алақан жайып жүр. Десек те, Шымкенттің полицейлері көшені қайыршылардан тазарту жұмыстарына шындап кіріскен секілді. 9-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің мамандары бірлескен шара өткізді. Олар кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара жүргізілген төрт тәулік ішінде қайыршылық жасаған үш жасөспірім анықталып, ата-анасының бақылауынсыз жүрген қырық үш жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Сондай-ақ, балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамағаны үшін он екі ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылған. Қоғамдық орында тиісу, қайыршылық жасау және өзге де әрекеттермен мазалаған сексен екі тұлғаға шара көрілген. Көші-қон талаптарын бұзған қырық алты шетел азаматтарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, қабылдап-тарату орталығынаелу тұлға орналастырылған.

Полиция қызметкерлері сонымен қатар қаладағы мектеп оқушыларына және жайсыз отбасы есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара шеңберінде Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен кешкі уақыттарда ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүрген жиырма бір жасөспірім анықталып, тоғыз жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. «Қаратау» АПБ-ның қызметкерлерімен анықталған қырық бес азаматтың отыз бірі қабылдаптарату орталығына жеткізілді. Он төртіне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен он хаттама толтырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *