Біле жүріңіз Өмірдің өзі

Күріш – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) тісі

Ухуд шайқасында Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) астыңғы күрек тісі сынады. Бір сахабасы сынған тісті тауып алады. Пайғамбар тісін аяқ асты қылуға дәті жібермейді. Тісті үйінің бір бұрышына көмеді. Тіс көмілген жерден әппақ күріш өсіп шығады. Сахаба пайғамбарды (с.а.с.) шақырады. Пайғамбар (с.а.с.) келіп, «Ясин» сүресін оқып, дұға жасайды. Ол сахабаға: «Алла менің тісімнен күріш өсіріп шығарды. Оған Ясиннің қуатын бердім. Оны аяқ асты етпеңдер», – деп өсиет айтады.

Содан бері халық күрішті қастерлепті. Пайғамбардың (с.а.с.) дұғасынан соң күріш тойымды әрі берекелі асқа айналыпты.

 Күріштің пайдалары

Күріш бүгінде дүние жүзінде ең көп тұтынылатын азықтардың бір түрі. «California Rice Commission» деректері бойынша дүние жүзінде 40 мыңнан астам түрі бар көрінеді. Жүйелі қоректенудің ажырамас бөлігіне айналған күріш — құрамында май, холестерин секілді зиянды ештеңе болмауы арқылы денсаулыққа өте пайдалы саналатын азық түрі.

Қан қысымы: құрамында натрий өте аз кездесетіндіктен жоғары қан қысымымен байланысты дерті барлар үшін ең жақсы азықтардың бірі.  

Альцгеймер: мамандар бұл дертке шалдыққандар үшін пайдалы болып табылатын нейромедиатор тұрғысынан қанық келетін күңгірт түсті күрішті тұтынуға кеңес береді.

Қант диабеті: аминқышқылдар қатарына жататын лейцин тұрғысынан қанық келетін күріш қандағы шекерді жүйелендіріп, күш береді және жаралардың жазылуына септігін тигізеді.

Ас қорыту: ас қорытылмауының алдын алатын күріш іш өтуіне қарсы әсерлі келеді.

Қатерлі ісік: күңгірт күріш қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететін ерітілмейтін талшық тұрғысына қанық келеді.

Дәрумендер мен минералдар қоры: күріште D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдар жеткілікті. Олар жасушалардың жаңалануын қамтамасыз етеді.

Энергия көзі: күріште көмірсу мөлшері мол болатындықтан денеге күш-қуат беріп, мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмекші болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *