Әлеумет Қоғам

Тәуелсіздік күні туылғандар ескерусіз қалмады

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шардара ауданында үлкен бір қайырымдық іс-шара ұйыымдастырылды. Нақты айтсақ мерекеге орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Шардара аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде бір топ қонақ келді. Олар қала әкімі Ережеп Бекет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынша Қалшабекова, Батыр ана, «Күміс алқа» иегері, ардагер ұстаз Әлия Зүлей, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Элмира Мылтықбаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлдықыз Зейнеділова, аудандық іскер әйелдер одағының мүшелері, жеке кәсіпкерлер Сәуле Беркінбаева, Күләйша Тәшімбаева, Жанар Байымбетова. Қонақтар мереке күні өмірге сәби әкелген Шардара қаласының тұрғындары Ақерке Тәліпбек, Ұлбосын Байходжаева, Достық ауылынан келген Гүлжанар Қаржау, Тұрысбеков ауылынан Рабиға Мизамбек, Ұзыната ауылының тұрғыны ҰлбосынТұрмаханға нәрестелерінің туу туралы куәлігін тапсырып, сый-сияпат жасады.

Шардара қаласының әкімі Ережеп Құдайбергенұлы: «Тәуелсіздік — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — халқымыздың бақыты. Осы бақытты күні өмірге сәби әкеліп, шаңырақтарыңызды шаттыққа толтырып отырсыздар. Сәбилеріңіздің дені сау болып, балаларыңыздың бақытына бөлене беріңіздер», – деді.

Аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің балалар дәрігері Гүлзат Әбубәкірова мерекемен құттықтап келген қонақтарға, аналарға демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлерге алғысын айтып, кәсіптеріне береке тіледі.

Осылайша Шардара ауданында Тәуелсіздік күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналары өздерін елеп-ескерген аудан басшыларына ризашылықтарын білдірді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *