Әлеумет Қоғам Құқық

Оқушы мектепке қарумен емес, қаламмен келу керек

Мектеп жасындағы оқушылар көктеп келе жатқан жас шыбық секілді, қалай исең солай қарай өседі. Ендеше, жас кезіне жақсы тәрбие алған баланың болашағы да жарқын болары хақ. Сол үшін аталарымыз «баланы жастан» деп қадап айтқан. Яғни, бұғанағы қатпай тұрып, жас жеткіншекті дұрыс жолға түсіру — бірінші ата-ананың, екінші ұстаздардың басты борышы екені айтпасада түсінікті. Осы мақсатта әрбір білім ордасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №99 мектеп-гимназиясында осы жылдың 20-22 қаңтар күндері «Қылмыссыз балалық шақ» акциясы аясында ішкі істер органдарымен бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар атқарылды. Оқушылар арасында адам өміріне қауіп төндіретін заттарды алып жүрудің алдын алу мақсатында «Абай бол!» деп аталатын профилактикалық іс-шара, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Онда оқушыларға суық қару ұстауға болмайтыны, оны мектепке алып келуге тиым салынатыны түсіндірілді. Сонымен бірге «Суық қаруға жол жоқ!» петициясымен таныстыру бойынша да оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұлдар кеңесінің төрағасы, қыздар кеңесінің төрайымы, мектеп психологымен бірлескен кездесулер өткізді. Кездесу барысында қарумен ұсталғандағы жауапкершілік, оны алып жүруге қатаң тыйым салынатындығы, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек 5-11 сынып оқушыларына «Заң-Оқушы-Қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Ондағы мақсат — балалардың құқықтық біліктілігін арттыру болып табылды. Осы іс-шараның барлығына Шымкент қалалық полиция департаменті тарапынан мектебімізге бөлінген ИДН қызметкері Бауыржан Тұрғын қатысып, оқушыларға ереже бұзғанда қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.

Өз кезегінде оқушылардың да жауапкершілігі артып, ата-аналар осындай түсіндіру жұмыстарының білім ордасында жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *