Біле жүріңіз

Коронавирустың қайдан шыққаны белгілі болды

Қытай мемлекеті SARS және Ebola ауруларын зерттейтін Ухань Ұлттық Биологиялық Лаборатория ашқан. Бұл институттың құрылысы 2015 жылы басталып, екі жылдан кейін қолданысқа берілген. Бұл Қытайдағы ең үлкен вирус зерттейтін лаборатория екен.

2018 жылы қаңтарда АҚШ ғалымдары бұның өте қауыпты екенін, вирустардың таралып кетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Негізінде бұл институтта қауыпты вирустарды жануарларға егіп зерттеген. АҚШ ғалымдары жануарлардан адамға түрлі аурулардың жұғу қаупы жоғары екенін бірнеше рет ескерткенбіз дейді. 2004 жылы SARS ауруы да Бейжиңдегі бір биолабораториядан таралған екен. Ухань Ұлттық Биологиялық Лабораториясынан 20 миль қашықтықта Хунан теңіз өнімдері базары орналасқан. Вирус алдымен осы жерден табылған. Сосын адамға жұғып, жылдам тарай бастаған. Дәл осы жерден шыққан вирус бірнеше күннің ішінде 10 шақты мемлекетке тарап үлгерген.

«Мен оларға айтқанмын, өз көрлеріңді өздерің қазып жатырсыңдар деп», – дейді, Антони Фауси АҚШ аллергия және жұқпалы аурулар институтының директоры. 2003 жылы Қытайда SARS ауруы шыққан кезде АҚШ ғалымдары 20 айдың ішінде емін тапқан. Ал бұл жолы әлем ғалымдары осы түрдегі вирустың әлемге таралып кетпеуі үшін оған қарсы вакцина егу керек дейді. Қазір ғалымдар соны зерттеп жатқанға ұқсайды. Әрине, анығын Алла біледі.

Жексен Тоқтарбай

Хубэйдегі адам шығыны 414-ке жетті

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың асқынып кеткені сондай адам шығыны 414-ке жетіпті. Ал, бұл дертті жұқтырғандар 13 522 адамды құрағанын аумақтық денсаулық комитеті хабарлаған.

Жергілікті билік 3-ақпанда вирусты жаңадан жұқтырған 2345 жағдайды анықтапты. Мәлімет бойынша осы кеселдің орталығы болып табылатын Ухань қаласында 1242 жағдай тіркелген.

10 күнде аурухана салған

Ухань қаласында жұқпалы дерт шыққалы одан құтылудың жолдары қарастырылуда. Соның бірі ретінде аталған қалада 1000 адамдық аурхана салынды. 24 қаңтарда басталған аурухана құрылысы белгіленген мерзімінен бір күн бұрын пайдалануға беріліп, өз жұмысын 3-ақпанда бастап кеткен.

1000 сырқатты 1,4 мың әскери дәрігер емдемек.

Тағы бір осындай үлкен аурухана 6-ақпанда https://news.mail.ru/society/40411907/Лейшеншань қаласында ашылады деп күтілуде.

Көпбалалы аналарға үй бермек

Сенесізбе, көп балалы отбасыларға үй берілуі мүмкін. Бұдан кейін тегін үйге қол жеткізгісі келгендер бала санын көбейтуді ойлайтын шығар. Дұрыс бала көп болса, соған сай Қазақстанда жәрдемақы беріледі. Ал көпбалалы аналарға үй беру мәселесін қарастырып жатқан Ресейліктер. Бұл ұсынысты федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко тастаған. Ол күзгі сессияның жабылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында: «Билік көп балалы аналарға тегін, тіпті болмаса жеңілдетілген ипотекалық несие түрінде баспана беру керек», – дегенді айтыпты.

Ол өз сөзінде былай деп жалғаған: «Мен Санкт-Петербургтің губернаторы болып тұрғанда, көпбалалы отбасылар кезекке тұрып, бір жылдан кейін қаладан тегін пәтер алып тұрды.  Мен кеткенде Санкт-Птербургте үй кезегінде тұрған бірде-бір көпбалалы отбасы болмады». Керемет емес пе? Егер Қазақстанда да бала саны 5-6 немесе 7-ге жеткенде тегін пәтер беріледі десе, қазақ былай тұрсын орыстардың өзі соңдарына шұбыртып бала ертіп жүрер еді ғой.

В.Матвиенко бала санына қарап пәтер беру, әкелер мен аналардың бала санын көбейтуге деген құлшынысын арттырар еді дегенді айтады. Бұл ақиқат. Шынында біздің елде көпбалалы отбасыларға осындай қамқорлық жасалса, он жылда қазақтың саны 10 милионға көбейіп кетеріне ешкім күмән келтірмесе керек. Тек сондай бағдарлама ертерек қабылданса деп тілегеннен басқа амал жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *