Әлеумет Қоғам

Қамкөңілге — қамқорлық

«Қамқоршылық кеңес» мүшелері және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жуырда «Жақсылық жасауға асығайық», «Жылулық сыйлайық» тақырыбында кең көлемде қайырымдылық акциясы өткізілген болатын. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Біздің арамызда да, яғни ауылымызда жомарт жандар барын мақтанышпен айта аламыз. «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы Шалабай Үсіпбаев қайырымдылық және жақсылық атаулы – жомарттыққа тән қасиет екенін, жомарттық – мұқтаж жандарға мүмкіндігіне қарай, рұқсат етілген шеңберде, Алланың разылығын ғана ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен, риясыз жәрдем беруді білдіретін жоғары адамдық қасиет екенін сөз етті.

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық борышы екенін ұғынамыз. Осы тұста бүгінгінің Атымтай Жомарты деп Сүткент ауылының ардақты азаматы, білікті дәрігер, қазіргі таңда зейнеткер Артық Бутанов ағамыздың қызы Гауһар Бутанованы айтсақ болады. Ол мектеп жасындағы қыз балаларға інісі Марат Бутанов арқылы 16 қымбат, жылы тон-шубаны сыйға тартты.

Мектеп директоры Бақытжан Жанболатов Гаухар Артыққызына өз атынан және ұжымның атынан алғыс білдіріп, ауыл тұрғындарының шексіз ризашылығын жеткізуді сұрады. «Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды», – демекші, мектебімізде ұйымдастырылған акцияға қолдау көрсетіп, көмекке зәру адамдарға қол ұшын берген барша аза­мат­тарға алғыс айта отырып, мұндай көпке үлгі боларлық игі бастамалар әлі де жалғасын табатынын жеткізгіміз келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *