Біле жүріңіз

Құнды картинаны Каримова ресейлік кутюрьеге сыйлаған

Өзбекстан мәдениет министрлігі Мұражай басқармасы Ферғана облыстық өлкетану мұражайынан «Жүгері сыбдыры» картинасының ұрлануына орай тексеру жүргізіп жатыр. Суретті 1932 жылы Өзбекстан халық суретшісі Александр Волков салған.

Биыл ақпан айының ортасында «Озодлик» сайты Лондондағы MacDougall’s аукцион үйінде «Жүгері сыбдыры» картинасы саудаға шығарылуына орай Өзбекстан мәдениет министрі Озодбек Назарбековке сауал жолдаған. Министрлік бұл сурет Ферғана өлкетану мұражайынан ұрланған деп жауап берген. Қазір мұражайда суреттің көшірмесі ілініп тұр.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, суреттің түпнұсқасын 2009 жылы Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға Ферғана мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Журат Меликулов сыйлаған. Қазір ол түрмеде отыр. Каримова оны 2009 жылы Өзбекстанға қонаққа барған ресейлік танымал кутюрьеге сыйлаған.

2014 жылы тамызда Ташкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты Меликуловты бюджет мүлкін талан-таражға салды деген айыппен 15 жылға соттады. Сот кәсіпкерді Ферағана мұнай өңдеу зауытынан 100 млн. доллар ұрлаған деп шешті.

Дереккөздің айтуынша, қазір түрмеде отырған Журат Меликулов пен Гүлнара Каримова суреттің ұрлануына қатысты тергеледі.  Өзбекстан мәдениет министрлігі өкілінің айтуынша, жаңа министр Озодбек Назарбеков қолды болған суретті елге қайтару жұмыстарымен тікелей өзі айналысып жүр екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *