Әлеумет

Ұлттық нақышта қонақ үй салынбақ

Туризмді дамыту кез келген мемлекет үшін де, қала үшін де маңызды. Ол үшін барлық талаптарға жауап беретін қонақ үйлер салу кезек күттірмейді. Осы мақсатта түркістандықтардың қолға алып жатқан құптарлық істері жоқ емес.

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер шеңберінде сервистік және қонақ үй қызметтерінің нарығы зерттелген. Нәтижесінде ең тиімді, болашаққа бағытталған жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығында орналасатын «Бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды. Бутик-отельді соғуды «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Қазақстанның «BI Group» – инвестициялық-құрылыс холдингісінің еншілес компаниясы жүзеге асырады.

Жаңа форматтағы қонақ үй көлемі 2400 шаршы метрді құрайтын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Онда 66 бөлме болмақ. Жобаны іске асыру барысында қонақ үй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу қажет. Бутик-отель құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында іздестірілген әлеуетті серіктес-инвестордың тиісті тәжірибесі мен біліктілілі, портфолиосы маңызды болды.

«Жалпы, бутик қонақ үйі мен қарапайым қонақ үй арасындағы айырмашылық – ең алдымен батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ, туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі элементтерімен өрнектелетін болады. Сондықтан, серіктес ретінде елде имидждік және жаңашыл жобалар құрылысында бай тәжірибесі бар «BI Group» компаниясын таңдалған. Жыл сайын саны артып келе жатқан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін бутик-қонақ үйі сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады», – деп атап өтті «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *