Әлеумет Біле жүріңіз

Несие төлей алмағандарға айыппұл салынбайды

Төтенше жағдайға байланысты қарыздарын немесе микрокредиттерін төлей алмаған жеке және заңды тұлғаларға Азаматтық кодекстің 359-бабы бойынша айыппұл немесе өсімпұл салынбайды. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

Әбілқасымованың сөзіне қарағанда, бұл норманы жеке және заңды тұлғаларға қарыз берген банктер мен микроқаржы ұйымдарының (ломбардтар, кредит серіктестіктері, т.б.) барлығы орындауы тиіс.

Агенттік төрайымының баяндамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк ісі туралы» заңның 34 бабы 3 тармағы және «Микроқаржы ісі туралы» заңның 3 бабының 6 тармағына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайға байланысты қаржы жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне төлем мерзімін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізуі керек».

Үкімет отырысында бұл жеңілдік төтенше жағдайға байланысты беріліп отырғаны айтылды. Сонымен бірге елдің ұлттық экономика министрі Руслан Даленов кәсіпкерлерді қолдауға кемінде 300 млрд. теңге бөлінетінін басым жобаларды жеңілдікпен несиелендіруге арналған үкіметтік бағдарламаларға 400 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *