Біле жүріңіз

Әр ардагерге – мың доллар

Өзбекстан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 10 миллион сум ($1 мың) сыйақы береді. Президент Шавкат Мирзияев 30 наурызда осындай жарлыққа қол қойды.

Құжат фашизмнің күйреуіне 75 жыл толуына орай қабылданды.

Өткен жылы мемлекет соғыс ардагерлеріне 7,5 млн. сум ($750) берген.

Өзбекстанда 878 соғыс ардагері бар.

Екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 миллион өзбекстандық аттанса, 420 мыңы майданда опат болды, 640 мыңы жараланды. Соғыс жылдарында Өзбекстан 1,5 миллион адамға, соның ішінде 300 мың жетімге пана болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *