Біле жүріңіз Қоғам

Мигранттарды әуежайдан көшеге қуып шықты

31 наурызға қараған түні форма киген белгісіз адамдар Мәскеудегі Домодедово әуежайынан 300-ге жуық еңбек мигрантын көшеге қуып шықты. Олардың 200-ге жуығы Тәжікстан азаматтары. Бұл туралы журналист Галия Ибрагимова Facebook’тегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, үйіне қайтқысы келген мигранттар екі апта бойы әуежайды паналауға мәжбүр болған.

Журналиске Домодедово әуежайында түнеген Фарух есімді мигрант хабарласқан. «Бізді әуежайдан қуып шықты. Форма киген адамдар келіп, бір жерге жиналуымызды сұрады. Олар бүгін түнде елге ұшасыңдар деді. Біз адамдардың барлығын жинадық. 300-ге жуық адам. Барлығы жиналған уақытта олар бізді көшеге қуып шықты. Түн суық. Қазір адамдар көшеде тұр. Не істерімізді білмейміз», — деді ол. Мигранттардың қалаға жететін ақшасы жоқ. «Біз Ресейде есекше еңбек еттік. Демалыс көрмедік. Енді ешкімге керек болмай қалдық. Неге? Көмектесіңіздер!», — деп өтінді Фарух.

Мигранттар тәжік елшілігі, Ресей билігі де көмектеспеді деп отыр. Оларға волонтерлер мен астанадағы қандастары көмектескен. «Сомони Эйр» уәде еткен чартерлік рейске рұқсат бермеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *