Әлеумет Біле жүріңіз

Зейнеткерлер банкті өздері таңдайды

Өзбекстанның Орталық банкі мен Қаржы министрлігі зейнетақы мен өтемақыны Халық банк арқылы жеткізудің тиімсіздігін мойындады. Енді қызмет көрсететін банкті зейнеткердің өзі таңдайтын болды. Бұл туралы 11 мамырда Ташкентте өткен брифингте Несие ұйымдарын бақылау жөніндегі департаменттің директоры Аброрхожа Турдиалиев хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, Халық банк шамамен 620 мың Humo банк картасын дайындап, зейнеткерлерге таратты. Дегенмен 7-8 мамырда Humo төлем жүйесі бұзылып, зейнеткерлер ақша пайдалана алмай қалған.

Содан кейін Орталық банк пен Қаржы министрлігі «мұндай тәсілдің тиімсіз екенін» мойындаған. «Соған байланысты зейнеткерлер қызмет көресететін банкті өзі таңдайды. Олар кез-келген банктен есеп аша алады», — деді Аброрхожа Турдалиев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *