Әлеумет

Келестің жолдары жаңаруда

Биыл Келес ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында он алты көшеге жол жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл туралы Келес аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Санжар Амангелдиев мәлімдеді.

Өткен жылы осы бағдарлама аясында аудан орталығының жиырма үш көшесі жаңаланған болса, биылғы жылы аудан аумағындағы он алты көшеге жөндеу жүргізілмек. Оның он екісі Ақтөбе ауылдық округінде болса, төртеуі Абай ауылында. Бұл ретте тек көше құрылысы емес, қосымша абаттандыру жұмыстары, яғни балалар ойын алаңшалары, аяқжол, көшені жарықтандыру жұмыстары қатар жүреді. Аудандық бюджет есебінен қосымша он ауылдық округтегі он жеті көше де биыл жөндеу көреді.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз анықталды. Ашық конкурста жеңімпаз деп танылған «QazaqStroyZhol» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған он алты көшенің он бесіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Серіктестіктің іс басқарушысы Нұржан Нұрмахановтың мәліметінше жақын күндері тиісті техникалар мен жұмысшыларын алып келіп, үш айдың ішінде жөндеу жұмыстарын сапалы етіп аяқтауды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *