Әлеумет Біле жүріңіз Қоғам Өмірдің өзі

«Тәжтажалдың емін таптым»

дейді «Кашпировский» атанған келестік азамат

Коронавирус дүниенің төрт бұрышына тарады. Сондықтан оған қарсы ем табу кез келген маман үшін таптырмас жаңалық болары анық. Әзірге ғалым-профессорлардың жұмысы осы дертті ауыздықтайтын дәрі табуға жұмылдырылғанымен, нақты нәтижеге қол жеткізілген жоқ. Осындайда ғалымдардан бөлек ел ішінде қауіпті дерттің бетін қайтаратын ем-дом іздеп жүргендер де жоқ емес. Соның бірі — Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны, көпшілікке «Кашпировский» деген лақап атпен таныс Атығай Бекқұлов. Бұл кісі өзінің тапқан жаңалығымен бөлісу үшін, яғни COVID-19-дан толыққанды қалай емделуге болатыны туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа да үшбу хат жолдапты. Дүниежүзі ғалымдары бас қатырып таппай отырғанда біздің жерлесіміздің тапқаны қандай ем? Мұны ол кісінің өзінен сұрап көрдік.

«Мен сәуір айында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа уатсап желісі арқылы хат жолдадым, – деді Атығай ағамыз. – Әзірге жауап алған жоқпын. Дегенмен, мен өз тәжірибеме сүйене отырып, бұл ем адамзат баласын қатерлі дерттен құтқаратынына сенімдімін. Жаңадан ештеңе ойлап тапқаным жоқ. Бұл бұрыннан келе жатқан емдеу тәсілі.

Коронавирустан бұрын шошқа тұмауы жайында жазғанымнан көпшілшік оқырман хабардар. Ол алғаш рет Америкада адамнан шошқаға жұққан. Уақытша айықтырғаны болмаса, әлі күнге оның нақты емі табылмауда. Негізі, шошқаның өкпе-бауырында құрт болады. Ұзақ сақталатын сондай құрт адамның да өкпесінде, бауырында, ішектерінде болады. Тұмау осы құрттан шығады. Біз оны түріне қарап шошқа тұмауы, құс тұмауы, коронавирус деп бөлеміз. Мұның барлығының түбі — ішкі ағзада пайда болған құрттан шығады. Ол тыныс жолдарын зақымдайды. Өкпені қысқанда ауру асқынады, содан адам өліп кетуі де мүмкін. Бұдан шығар бір ғана жол бар. Ол – дегельминтизация жасау. Адамның өкпе, ішек және бауырында болатын құрттарды тазартсақ (дегельминтизация), онда ауру жеңіл өтіп, сауыққан адамдар вирус таратпас еді.

Қазір адамдар аурудан жазылып шықсын немесе 14 күн бақылауда болсын, бәрібір ол ауру таратушы болып қала береді. Себебі оның ағзасында құрт толық тазартылған жоқ. Сол үшін мен Е.Біртановқа дүние жүзіндегі адамдардың 70 пайызының ішінде құрт болатынын, одан құтылудың бір жолы дегельминтизация жасау керектігін ескерттім.

Австралияда дегельминтизация жүргізудің нәтижесінде адамдар 40 пайыз аурудан құлан таза айығып жатыр екен. Бізде өсетін жусанның, яғни дермене шөбінің арқасында да аурудан айығып жатқандар бар. Оның құрамында өзге өсімдіктерде кездесе бермейтін айрықша дәрі болады. Сол дәрі өкпедегі құртты жояды. 2012 жылы маған сарыағаштық дәрігерлер туберкулез деген диагноз қойғанда, мен бұл аурумен ауырмайтынымды, тек өкпем сырқаттанғанын ашық айттым. Олардың берген дәрісін де ішкенім жоқ. Бас дәрігерге «мені қудаламай-ақ қой» дедім де кетіп қалдым. Үйге барып, дермене ішіп, айығып кеттім. Профессор Данабаеваның дермене туралы кітабын оқыдым. Онда туберкулезді дерменемен қалай емдеуге болатыны туралы жазылған. Бүгінде көп адам өкпенің ауыр пневманиясынан өліп кетіп жатыр. Дұрыс ем қолданған мемлекеттер адам өміріне араша болуда. Қателеспесем, Малайзия болу керек, вирус жұқтырғандарды жусанмен емдеп жатыр, нәтиже жоқ емес.

Маған сенсеңіздер, бұл дертке емді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өзіміздің жерімізде өсетін жусан (дермене) коронавирустің бірден бір емі. Оның құрамында емдік қасиетінің мол екені әлдеқашан дәлелденіп қойған. Біздің ғалымдар емнің түрін өзіміздің даладан іздемей, шетелдің тәжірибесіне жүгінуге құмарта беретіні өкінішті-ақ.

Жусанның құрамында ағзадағы құрттарды жоятын қасиет бар. Ал адам ағзасындағы осы құрттардан арылса, ешқандай тұмау да, коронавирус та қауіпті болмайды».

Негізі, Атығай Бекқұловтың мамандығы — мал дәрігері. Осыдан 4-5 жыл бұрын сол кездегі Сарыағаш ауданында мал жұмбақ өлімнен қырыла бастағанда да осы кісі емдеудің тиімді тәсілін ұсынған еді. Өзі малдан бір қой да шығын көрмеген. Кейін ол кісінің тәжірибесімен өзгелер де бөлісті. Бәлкім, билік басындағылар «ауылдағының аузы сасық» деген көзқарастан арылып, ел ішіндегі емшілердің де ұсынысына назар аударуды үйренген жөн шығар. Кім білсін, алыстан іздеп жүрген адамымыз жанымызда жүрген де болар?!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *