Әлеумет

Жобалық Кеңсе – күрмеуді тарқатуға көмектеседі

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты материалында Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керектігі, 2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындығының маңыздылығын айтқан болатын. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіруді тапсырғаны белгілі. Міне, Шымкент қаласында осы тапсырмалар аясында, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында елімізде бірінші болып басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылды.

 «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Жобалық Кеңсенің алғашқы отырысы өтті. «Жиынның күн тәртібінде жобалық рөлдерді және басшылардың жеке жауапкершілігі мен жобалық кеңсенің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, ҚР Үкіметінің экономикалық өсуді осы жылдың соңына дейін қалпына келтірудің кешенді жоспарын Шымкент қаласында жүзеге асыру сынды 3 мәселе қаралды. Қала басшысы аталған жобаны тиімді жүзеге асыру үшін арнайы индикаторлық жүйеге қосылуға тапсырма берді. Ол аудан, басқарма басшылары мен әкім орынбасарларының жұмысын онлайн түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа жоба арқылы атқарушы билік өкілдерінің атқарған жұмыс нәтижесі онлайн түрде көрінеді екен. Түсінікті болу үшін айта кетер болсақ, Жобалық кеңсенің негізгі міндеті — қала деңгейіндегі проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу екен. Бұл, әрине, бірінші кезекте халық игілігіне жұмыс істейтіні түсінікті.

         Халық игілігі демекші, осы мақсатта үшінші мегаполисте тағы бір игі іс қолға алынды. Қашықтан оқу барысында интернет сапасының нашарлығы жөнінде келіп түскен арыз-шағымдардың көптігін назарға алған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы сала мамандарына нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, әкім интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтап, өлшем жұмыстарын жүргізуді және сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық стансаларды орнату бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, интернетпен қамту мәселесі бойынша 5 және 10 жылдық даму жоспарын дайындауды тапсырды.

         Иә, бүгінде интернет сапасы жалпы халықтың күнделікті өміріне тікелей қатысы бар маңызды мәселе десек, қателеспейміз. Осы мәселенің қала басшысының назарына ілігіп, қолға алынуы көпшілікті қуантып отыр. Ғаламтор сапасының жақсаруы – азаматтардың жалпы өмір сүру сапасына тікелей әер етері айтпаса да түсінікті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *