Біле жүріңіз

АҚШ студенттерге де виза беруді тоқтатпақ

АҚШ биыл күзде онлайн форматта оқитын шетел студенттеріне виза бермейді. Елдің көші-қон билігі 6 шілдеде осындай ереже жариялады.

Сол себепті биыл АҚШ-та оқитын жүздеген мың студент виза ала алмауы мүмкін. Ресми мәлімдемеде бұл студенттерді АҚШ аумағына өткізбейтіні айтылған.

«Қазір Құрама Штаттарда жүрген студенттер елден кетуі керек немесе олар басқа форматта оқуды ұсынған оқу орнына ауысуы тиіс. Әйтпесе бұл студенттер көші-қон ережелеріне сай қиыншылықтарға тап болуы мүмкін» делінген құжатта.

Құрама Штаттарда 1,1 миллионнан астам шетел студенті оқиды.

Мұндай мәлімдеме елдегі оқу орындарына ауыр тиді. Америкалық білім кеңесі жаңа ережені «үрей тудыратын» құжат деп атаған.

Елдегі көптеген университеттер мен колледждер күзгі оқу маусымына қатысты жоспарын әлі жариялаған жоқ. Олардың бірқатары оқуды онлайн форматқа толық ауыстыруды көздеген. 6 шілдеде Гарвард университеті оқу жоспарын жариялады. Жоғары оқу орнының аумағында студенттердің қырық пайызы ғана оқиды, қалғандары онлайн форматта білім алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *