Біле жүріңіз

Алғашқы араб ғарыш миссиясы Марсқа жөнелтілді

Біріккен Араб Әмірлігі Марсқа миссия жіберген алғашқы араб елі атанды. Хабарларға қарағанда, «Әл-Амаль» («Үміт») ғарыш зонды қызыл планетаға жеті айда жетеді.

Дүйсенбіге қараған түні жапонның H-IIA зымыран тасымалдағышы Әл-Амаль зондын ғарышқа алып шықты. Зымыран Танэгасима ғарыш айлағынан ұшырылды. Ресми мәлімет бойынша, ғарышқа шығарылған аппаратпен байланыс орнатылған. Әль-Амаль зонды шамамен 1350 келі тартады, оған екі күн батареясы, сапалы камера орнатылған.

Біріккен Араб Әмірлігі билігінің хабарлауынша, Марсқа жолданған миссияның мақсаты — планетадағы атмосфераны, климат жағдайын және маусым ауысуын зерттеу. Аппарат бір марс жылын орбитада өткізуі тиіс. Марс жылы біздің жылға қарағанда екі есе ұзақ.

Елдің озық ғылым министрі Сара Амири БАӘ миссиясының 200 миллион доллар тұратынын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *