Біле жүріңіз

Коронавирус жұмыссыздықты арттырды

Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, «Ковид-19» салдарынан әлемде әрбір бесінші жас жұмыссыз қалған. Пандемиядан ең көп зардап шеккен секторлар — бөлшек сауда мен туризм саласы. Олардың жасы 29-ға келмеген, барлығы 178 миллион адамды құрайды. Сондай-ақ жастарға білім беру процесі мен мамандар даярлау саласына да әлемдік дерттің әлегі тиген. БҰҰ өкілдері шұғыл шара қабылдамаса, бұл мәселе ондаған жылға созылып кетуі мүмкін екендігін алға тартуда. Осыған орай, қызмет байланысын орнатуға және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі жоғары білім дипломын талап етпейтін сұранысқа ие он мамандық тізімін дайындаған.

LinkedIn статистикасы коронавирус әлемдік еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткенін айғақтайды. Дағдарыс бүкіл әлем бойынша біраз кәсіпорынды жұмыс орнын қысқартуға және жаңа қызметкер қабылдауды тоқтатуға мәжбүр етті. Желідегі нұсқа бойынша танымал мамандықтар тізімі бағдарлама дайындаушы, сауда өкілі, жоба менеджері, IT менеджер, клиенттерге қызмет көрсету маманы, сандық маркетолог, қолдау қызметінің қызметкері, деректерге сараптама жасаушы, қаржы сарапшысы, графикалық дизайнерге сұраныс төмендемейді. Ал Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *