Әлеумет

828 ауыл интернетпен қамтылмақ

«Қазақтелеком» АҚ жыл басынан бері 9 мың шақырым байланыс желісін құрып, оған елдегі 828 ауылды қосу жоспарланған. «Биылғы наурыз-сәуір айларында біздің байланыс орталығындағы жүктеме ұлғайды. Интернет арқылы тәулігіне 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсетін. Абоненттердің басты бөлігін интернетке қосамыз. Биыл біз 9 мың шақырымға жуық байланыс желісін құрдық, оған еліміздің 828 ауылын қосу жоспарланып отыр. Онда шамамен 2 мың мемлекеттік мекеме, оның ішінде әкімдіктер, ауруханалар, мектептер орналасқан. Ауылдарға да біздің мобильді байланыстарымыз ашылады. Қазіргі уақытта аудан орталықтарының, ауылдық елдімекендердің негізгі бөлігі интернетке қосылған. Жыл соңына дейін біз барлық қажетті ауылдарды интернетке қосамыз», —дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір Tele2 және Kcell операторлары базалық станцияларын орнатуды бастады. «Кеше өңірлер бойынша шолу жасап шықтық. «Қазақтелеком» компаниясы қажетті сапамен қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылына әзірленді», — дейді Қ. Есекеев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *