Біле жүріңіз

Баға қалай құбылды?

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда, яғни 2019 жылғы тамыз бен 2020 жылғы тамыз аралығында 10,9 пайызға қымбаттаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, елімізде бір жылда жармалар және нан, ет, балық, теңіз, сүт, кондитер өнімдері, жұмыртқа, май, тоңмай, жемістер, жаңа жиналған көкөністер, картоп, алкогольсіз сусындар, алкогольді ішімдіктер қымбаттапты. Баға тек қантқа төмендеген.

Айталық, 2020 жылғы тамызда сүйекті жылқы етіне орташа баға келісіне 2210 теңгені (2019 жылғы тамызда – 1933 теңге), сүйекті қой етіне – 1940 (1648 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1909 (1713 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1567 (1416 теңге), тауықтың сан етіне 821 теңгені (812 теңге) құрады. Қанттың орташа бағасы биылғы тамызда келісіне 211 теңге болса, былтырғы тамыздағы баға 233 теңге еді. Сондай-ақ, 2020 жылғы тамызда сәбізге орташа баға келісіне 122 теңгені (2019 жылғы тамызда – 147 теңге), картопқа – 117 (111 теңге), басты пиязға 92 (129 теңге), ақ қауданды қырыққабатқа 88 теңгені (100 теңге) құраған.

Қазақстанда сонымен қатар, пандемиялық жағдайдың әсерінен интернет, ноутбук, дәрі-дәрмек пен жерлеу рәсімдерінің құны күрт көтерілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *