Қоғам

Алаяққа алданбаңыз!

Полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы елорда тұрғындарына интернет-ресурс арқылы онлайн несие рәсімдеп жүрген 40 жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алаяқ жалған жолмен қаржы ұйымдарынан елорда тұрғындарының жеке мәліметтерін алып, онлайн қарыз рәсімдеп отырған. Ол жеке мәліметтерді заңсыз пайдалана отырып, зардап шеккендердің тіркеу жазбасына қол жеткізіп, кейін несие ретінде түскен ақшаны виртуалды карта және электронды әмиян арқылы шығарып алып отырған. Осылайша тұрғындардың атына өздері білмеген несие тіркеле берген. Қазіргі уақытта алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық тұрғынның зардап шеккені анықталды.

Полиция қызметкерлері тергеу барысында оның мекенжайын анықтап, тұтқындады. Қылмыскер тергеу изоляторына жабылды. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Айыпталушы бұған дейін де алаяқтығы үшін бірнеше рет сотталған. Соңғы рет екі жыл бұрын қамауға алынып, екі жылға бас бостандығынан айырылған екен. Алайда, бұл жазадан сабақ алмаған ол қылмыс жасауын тоқтатпаған. Құқық қорғау қызметкерлері осыған сай тұрғындарды анонимді интернет-ресурстарда жеке мәліметтерді таратпауға және оларды мессенджер арқылы ешкімге жібермеуге шақырады. Бұл мақсатта тексерілген, сенімді интернет-порталдарды ғана пайдаланған жөн.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *