Біле жүріңіз

Бақытсыздық жасын білесіз бе?

АҚШ-тың Дартмут колледжі мен Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының ғалымдары адам өз өмірінің ең бақытсыз кезеңін қай жаста өткеретінін анықтады. Зерттеу материалдары бар құжат бюроның сайтында орналастырылған.

Сарапшылар 132 елдің мәліметін жинап, зерттеу жасаған. Әр түрлі жастағы адамдардан өмірге қанағаттанушылық деңгейін бағалау сұралған. Сәйкесінше, адам өміріндегі ең бақытты кезең 18-20 жаста екен. Бұдан кейін бақытты сезім төмендей келе шамамен 47-48 жаста адам дағдарысқа ұшырайды. Дамыған елдердің тұрғындары 47 жасында, дамушы елдерде 48 жасында, ал Ресейде, Қытай мен Мексикада 43 жасында өздерін бақытсыз санай бастайды. Бұл күй 60 жасқа дейін созылып, содан кейін өрлеу басталады және 70 жасында қайтадан өмірден ләззат ала бастайтын көрінеді.

Бір қызығы, зерттеушілер бұл сыртқы факторларға емес, ағзадағы биохимиялық процестерге және гормондардың деңгейіне байланысты екенін анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *