Біле жүріңіз

Елбасы тағайындаған елу мың теңге

Оны қалай алуға болады

Таяуда Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясына «Біргеміз» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған  отбасыға елу мың теңге төлем ұйымдастыруды тапсырды. Аталмыш қордан  100 мыңнан астам мұқтаж отбасыға бес миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. 

         Қаражат облыстардағы халық саны мен ондағы мұқтаж адамдардың санына қарай бөлінеді. Қаражат елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына аударылады. Яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына іргелес шағын қалалар мен аудандарда және ауылдық жерлерде тұратын аса мұқтаж отбасыларға беріледі. «Birgemiz» қорының шоты еліміз бойынша 23 қалада бар. Қазіргі таңда осы бағытта өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері беріледі. Ескеретін жайт, көмек алушылардың тізімін әкімдіктер ұсынады және бұрын көмек көрсетілген  азаматтарға берілмейді.

Елу мың теңге екінші деңгейлі банктерге аударылып, алушылардың жұмыс істеп тұрған шотына төленеді. Бұл сомадан несие, басқа да төлемдер ұсталмайды. Негізі төлем Halyk Bank арқылы жүргізіледі. Салық ұсталмайды. Алушылар 50 мың теңгені толықтай қолдарына алады. Ал, мұқтаж адамдардың санатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды.

«Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *