Біле жүріңіз

Несиесі барларға жеңілдік жасалады

Елімізде кредит төлей алмай жүргендерге жеңілдік жасалатын болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

«Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» ҚРҰБ басқармасының қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулыға сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа жеткізбей-ақ реттеуге болады. Егер төлеу мерзімінен кешіксе, кешіккен күннен бастап  күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімі кешіккен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгіне алады. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша түрде қабылданған шешім туралы хабарлайды. Егер қарыз алушыдан өтініш болмаған немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы.

Мамандардың айтуынша, қарыз беруші мен борышкер арасындағы мәселені сотқа дейін реттеу әлеуметтік шиеленістің алдын алады. Қайтарылмаған кредит пен уақтылы төленбеген қарызды қайтару үшін борышкерлердің құқын қорғау маңызды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *