Қоғам

Келешектің іргесін бірге қалаймыз

 «Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз және осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс».

Н.Ә. Назарбаев

Бүгінде жастар тәрбиесінің негізі  ұлттық сана-сезім мен ділі, азаматтығы мен патриотизм деңгейін арттыру болып табылады. Өйткені туған тілін ғана емес, өз халқының тарихын, салт-дәстүрін қалыптастыру үшін жастардың бойына  ұлттық және патриоттық рух, азаматтық пен әлеуметтік белсенділік, тарихи сана мен әлеуметтік жадыны сіңіру керек. «Ұлт, тіл, тәрбие» — бұл қасиетті үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі жас ұрпақ, жастар — мемлекетіміздің болашақ тағдырына жауапты буын.

Бүкіл әлемдік қауымдастықта жастар әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі, қоғамның адамгершілік деңгейін қалыптастырады. Сондықтан жастардың, әсіресе студенттердің ұлттық сана-сезімін, соған сәйкес елжандылық қасиеттерін  насихаттау, қалыптастыру міндетіміз болып табылады. Келешек жастарға тарихи санамызды, төл тарихымызды зерттеп-зерделеу және  ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды насихаттау басты мақсатымыз. Жастардың  рухани санасын оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет. Өскелең ұрпақтың бойындағы адами құндылықтары мен  сана – сезімін  рухани тәрбие,  ынтымақ қалыптастырады. Халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары. Бұл тарих пен біздің тағдырымыздың басты қозғаушы тетігі. Ұлт рухы кез келген ел келбетінің қайталанбас қасиетін айқындайды, бағытын анықтап, дамуына екпін береді. Жастардың ұлттық рухын көтеру үшін: дәстүрлер мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіске жету рухы; дәстүрлі құндылықтарға сүйену, тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, тағы басқа патриоттық қасиеттері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің 25 жаңа сапалық деңгейі мен экспорттық мүмкіндіктеріне жету тұжырымдамасында» «Қазақстандықтардың ұлттық идеясы – бәсекеге қабілетті болу, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарда жұмыс істеп, бәсекеге қабілетті елде өмір сүру». Қазіргі кезеңде бұл идеяның мәні Қазақстанның «қоғамның одан әрі ұйысып, ортақ қазақстандық бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуына ұмтылатындығымен»  көрсетіп келеді. Елбасы атап көрсеткендей, бұл жобалардың мақсаты – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы еліне айналдыру: «Біздің жастарымыздың жаңа білімдерді игеріп қана қоймай, өздері де осындай жаңа білімдерді жасай білуіне қол жеткізу қажет. Бүгін креативті ойлау, білімді қайта ойлай білу, жаңа шешімдер, технологиялар мен инновациялар тудыра білу ең құнды білімге айналды»,– деген. Біз тәуелсіз қазақ елінің  болашақ мамандары мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың  нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Болашақ жастардың білімі мен тәрбиесі мемлекетіміздің дамуының кемел келешегіне жасалған зор қадам деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *