Біле жүріңіз

Мақтаншақ блогер тоналды

Әлеуметтік желіде байлығына мақтанған гонконгтік блогер Мей Янь Соның пәтерін қарақшылар тонап кетті. The Sun басылымының жазуынша, блогердің үйіне пышақпен қаруланған үш ер адам кіріп келіп, өзін алты айлық баласымен және үй қызметшісімен қосып байлап тастаған.

Әйел бағалы заттарының қайда жасырылғанын айтпаған. Сол кезде тонаушылар сәбидің басынан таяқпен ұрған көрінеді. Қаскөйлер келіншектің өзін де ұрып-соққан. Олар кеткен соң блогер полицияға дереу хабарласқан. Тәртіп сақшылары 40-50 жас шамасындағы тонаушыларды бейнежазбалар арқылы көрді. Оларды модельдің үйіне күзетші кіргізгені анықталды. Үш ер адам тоғыз сөмке, жеті қол сағаты, ноутбук, екі мобильді телефон және 3,6 млн. доллардың бағалы заттарын алып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *