Қоғам

Киелі Келестің бәйтерегі

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиал төрағасының

    орынбасары Ахмет ақсақалдың шаңырағында болды

Оңғар Исаев ағамыз құрастырған «Киелі келестің бәйтерегі» атты кітаптың кейіпкері Ахмет Мұхамеджанов оңтүстік өңіріне белгілі атпал азамат. «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков абыз ақсақал Ахмет Мұхамеджановтың үйінде қонақта болды.

Сарыағаш және Келес ауданының құрметті азаматы, сексенді алқымдаған Ахмет ағамыз бүгінде Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Ол Келес аудандық партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарын назардан тыс қалдырмай, ұдайы бағасын беріп, кемшін тұстарын түзетуге кеңес беріп отыратын азамат. Ахмет аға алдымен Келес ауданының тарихын толық қамтыған, баспаға басуға дайын жаңа кітаптың электрондық нұсқасымен таныстырып, екеуара мазмұнын талқылады. Кітапқа Келес жерінің сонау ежелгі заманнан бергі тарихы, Кеңес дәуірінде өңірдің аудан болып құрылуы мен бүгінгі таңға дейінгі бар тыныс-тіршілігі, сондай ақ, елге еңбегі сіңген барша азаматтар жайлы деректер қамтылыпты.

Өз кезегінде А.Жұмабеков «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде әңгіме өрбітті. Партияның сайлауалды бағдарламасы аудандық филиал төрағасы А.Есбаев пен партия мүшелерінің ауылдық округтерде тұрғындармен былтырғы кездесудегі және биылғы жылғы Праймериз барысында кандидаттардың елді мекендерде кездесулері барысында жинақталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріліп жасалғанын айтып өтті. Мұны мұқият тыңдаған Ахмет ағамыз партия бағытының дұрыстығын, атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында ашық жүріп жатқанын, сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, ақ батасын берді, сайлауда сәттілік тіледі.

      БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

 «Nur Otan» партиясынан Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы Бірлік және Жаңатіршілік ауылы тұрғындарының үйінде қонақта болып, партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ​мен сайлауалды бағдарламаның 7 бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қонақжай ауылдың тұрғындары кандидат Н.Шаулиевке, халық үшін қызмет етіп келе жатқан, халықтың қолдауына ие болған «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, аталық ақ баталарын беріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

         Иә, қазақ «батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген мақалды текке айтпаған болар.

         «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *