Біле жүріңіз

Байлықты да, кедейлікті де таңдайтын өзіміз

 Бүгінде бай болсам, қалталы болсам деп кім армандамайды дейсіз? Бұл арман біреулерде орындалса, енді біреулерге ұстатпай кетеді. Мамандар кедейліктің басты себебі ретінде адамдардың өзін кедейлерге тән әдет-қылықтардан арыла алмауынан екенін айтады. Бұл туралы психиатр Амантай Тойшыбайұлы «Алаш айнасы» сайтында өзінің ұзақ жылдық тәжірибесімен бөлісіп, кедейлік психологиясынан арылмайтын адамдарға аналитика жасап ұсынды. Зерттеуге сәйкес, кедей адамдар төмендегі әрекеттерді жиі қайталайды екен. Ал, кейбір дарынды адамдар оларға еліктеп, өздері кедей болып жатады екен. Ендеше, сіздің бойыңызда бұл белгілердің қайсысы бар және одан арылуға дайынсыз ба?

Кінәлі біреуді іздеу. Кедейлер жауапкершілікті өзіне алуды ұнатпайды. Өзінің сәтсіздігі үшін әріптесін, бастығын немесе жүйені кінәлайды. «Егер олар болмаса, мен сәттілікке жетер едім» немесе «Бәрі маған кедергі келтіруде, мен ештеңе істей алмаймын», т.с.с себептерді айтып, ызыңдайды.  

         Уақытты жоғалтады. Бізге кішкентай кезімізден «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп үйреткен. Уақыт өтіп жатыр, бірақ сіз әлі өлшеп біткен жоқсыз. Ақыр соңында алдыңызға басқа біреу келіп, сіздің бөлігіңізді кесіп тастап кетеді. Алғашқы қадамды жасаудан қорықпайтын, өз идеяларын жүзеге асыруға және тәуекелге батылы барлар ғана жеңеді. Ойлау қабілеті төмен адам уақытты босқа өткізіп, қол қусырып отырғанын басқалардан көреді.
       Тәуекелі жоқ. Кедей адамдар тәуекелге баруды ұнатпайды. Олар аз болса да тұрақты табыспен жүруді артық көреді. Нәтижесінде, олар жалақыдан жалақы арасында ғана өмір сүреді.

Тегін оқығысы келеді. Кедейлер көптеген тегін тренингтер мен семинарларға қатысуға ниет білдіреді. Бірақ көпшілігіне барып қатыспайды.
Осылайша, сыртынан қарағанда үнемі үйреніп жүрген тәрізді көрінгенімен іс жүзінде ол дамымайды. Ақысыз ірімшік деген болмайды ғой.

Табысты кәсіпкер болу үшін сіз ұстаздармен бетпе-бет кездесіп, мақсатыңызға жетуге нақты жоспар құрыңыз. Тренингтің құны болашақ табыстың көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге сіздің ынта-жігеріңіз бен батылдығыңыздың мәні болып табылады.

Өзгенің еңбегін бағаламайды. Кедей адам басқалардың еңбегімен өмір сүреді. Егер ән, фильм немесе бағдарламалар орнатқысы келсе, оны торренттен тегін жүктейді. Оның өмірлік философиясы — қымбат заттар мен қызметтерді ақысыз алудың жолын іздеу. Мысалы, кедейлер үшін жасалған торренттер және ұрлық жасайтын сайттары оның өмірін едәуір жеңілдетеді. Қымбат өнімді ақысыз жүктеу оны ұрлаумен бірдей. Өзгелердің интеллектуалды еңбегін ұрлау тек ғана кедейшілікте өмір сүруге итермелейді.
           Өзін-өзі аяушылық. Кей адамдар мәселенің түп-тамыры қоршаған ортада деп сеніп қалған. Өзі тұрған мемлекетті немесе қаланы ұнатпау немесе кедей отбасынан шығу сияқты мысалдар кедей адамдардың өзін-өзі аяуға себеп бола алмайды. Жалпы аяушылық тудыру арқылы дәулетті боламын деу жалған қиял болмақ.

Шағымдану және өкпелеу. Ақшаның жетіспеуі депрессияны тудыратыны жасырын емес. Бай адам кез-келген сәтсіздікті мақсатқа жету үшін белсенділікпен жеңу керек деп ойлайды. Ол өзінің тағдырына қайғырмайды. Әрине, кейде саған біреулердің аяушылығын туғызу үшін жағдайдың бәрін айтқың келетін кез болады. Бірақ бұлай ету ештеңені өзгертпейді және әмияныңыздағы ақша көбеймейді.

 «Адамдар не дейді?» деп ойлау. Табысты адам өзін-өзі бағалай алады және басқалардың пікірінен тәуелсіз өмір сүреді. Ал кедейлер өз уақыттарын және күш-жігерінің көп бөлігін өзгенің көзіне қалай көрінетініне алаңдап, имиджін жоғалтпауға тырысады. Өзін мықты және табысты біреумен салыстырып, көңілі түсіп кетеді. Содан кейін ол қайтадан ызыңдай бастайды.

Ақшаны ысырап ету. Кедейлерде қаржылық стратегия жоқ. Оның мақсаты — ақша табу, содан кейін оны жұмсау. Ал байлар тапқан ақшасын инвестицияға салып, өсіруді ойлайды. «Ақшам болмаса қалай инвестициялаймын?» деп ойлау ақымақтық. Өйткені болашақ туралы ойламағандықтан сізде ақша жоқ. Бай адам деп — көп ақша табатын адамды емес, өз ақшасын ақылмен жұмсай алатын адамды айтады.

Уақытша табыс тапқысы келеді. Кедейлер жаңа нәрселер білгісі және болашақ үшін жұмыс істегісі келмейді. Олар дәл қазір, тек осы кез үшін ақша тапқысы келеді. Бұл жасампаздық емес, тұтынушылық ойлау. Олар мүмкіндігінше аз күш жұмсап, қолма-қол көп ақша тапқысы келеді.

Өзіне ұнамайтын жұмысты істеу. Кедейлерге ұнамайтын жұмыс істеуіне мың себеп бар. Ол жұманың тез болуын армандайды және күн сайын таңертең бастығына қарғыс айтып жұмысқа шығады. Оның сүйікті ісімен айналысуға батылы жетпейді. Осылайша, ештеңені өзгертпестен, қартайып, зейнетке шығады.

Уақытты ысырап ету. Кедей адам: «Уақытымды қалай өткіземін?», — деп қынжылады. Бұл жағымсыз сұрақтың жауабын: «Мен өз уақытымды қалай тиімді өткіземін?», — деп өзгерту керек!

Барлығы сіздің уақытыңызды қалай өткізетіндігіңізге байланысты — кедейлер өз уақыттарын ысыраптайды, ал байлар өз уақыттарын тиімді пайдаланады және көп байлық жасайды.

Басқалардың өмірімен өмір сүру. Кедейлердің санасында бір қателік бар. Бұл басқалардың өмірін өзіне бейнелеу арқылы өмір сүру. Түрлі фильмдер сериясы, фантастикалық кітап немесе Голливуд жұлдыздарының өмірі сияқты. Кедей адамдар өзгенің өміріндегі оқиғалармен тыныстап, өзгенің жетістігінің көлеңкесінде қалып, бос әлемде өмір сүреді.

Оның орнына өз тағдырыңызды құрып, қорқынышыңызды жеңіп, бәрін басынан бастаңыз! Жоғарыдағы әдеттердің кейбірі өзіңізге қатысты екенін байқасаңыз, көңіліңіз қалмасын. Керісінше, қандай әдетіңізді өзгерту керек екенін білгеніңізге қуаныңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *