Қоғам

Оңтайлы портал

 Елімізде ағымдағы оқу жылы әлемдік ахуалға айналған короновирус пандемиясы әсерінен білім саласы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Қашықтықтан оқыту – адамның білім және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының біріне айналды. Нәтижесінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту – студент пен мұғалімнің алыстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Бұл технология бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының өз бетінше жұмысын басқару болып табылады. Мұғалім сәйкесінше туындайтын мәселелерді қарастырып,  мақсат пен міндеттерді қойып, білім, тәжірибе береді. Сондай-ақ, ұйымдастыру қызметі, білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру, оқу процесін бақылауды жүзеге асырады.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар. Олар онлайн, оффлайн және вебинар сабақтар болып табылады. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстардың көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Ал, оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасын вебинар оқыту дейміз.

Қашықтықтан білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасының дамуына өз үлесін қосу. Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу жүйесін орындау шарт. Осы орайда қашықтықтан білім беруде негізгі құрал, оқытушы мен студент арасындағы байланыс түзуші материалды игеру сапасы мен білім мазмұны бар платформаға байланысты. Яғни асинхрондық жүйедегі білім беру порталын дұрыс таңдау да басты мәселе болып табылады.

Қазіргі таңда елмізде қашықтықтан оқыту порталдары қарқынды дамуда. Солардың бірі — College SmartNation білім беру порталы. Бұл портал техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай байланыс жүйесі, колледждердің жалпыға қолжетімді тізілімі және колледжді басқару жүйесі.

SmartNation — бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үдерістерін, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға және онлайн оқытуға арналған платформа. Портал онлайн оқыту үшін бірыңғай, ыңғайлы және ашық техникалық алаң ұйымдастыруға көмектеседі. College Smart Nation платформасының маңызды артықшылығы педагогтар мен студенттерді колледждерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін функционал болып табылады.

Жүйе арқылы жұмыс істейтін колледж қызметкерлері барлық оқу үдерістерін басқара алады. Яғни, оқу жоспарларын жасау және бекіту, онлайн кестелер құру, тағы басқа көптеген міндеттерді атқарады. Платформа колледж оқытушылары мен студенттері үшін өте ыңғайлы. Оның көмегімен күн сайын студенттер бойынша мониторинг те жүргізіледі. Сондай-ақ, платформада электрондық кітаптар орналастырылған электрондық кітапхана қойындысы бар. Жүйені қолданушылар оны кез-келген уақытта пайдалана алады.

Қазіргі таңда портал күннен-күнге жетіліп, қарқынды даму үстінде. Қашықтықтан оқытуда білім ордаларына өз үлесін қосуда. Алайда онлайн режимдегі оқыту формасына яғни интернет-ресурстардың көмегімен қазіргі уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасын біріктірсе, оқытушы мен студент арасында білім алмасу процесі барынша нәтижелі болар еді.

Г.Ахаубаева,       

Инновациялық-технологиялық колледж оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *