Әлеумет

Жаңа кітап жарық көрді

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қаламгер Әсия Сартайқызы Қалиеваның «Жан шуағым—анашым» кітабы жарық көрді.

Ғұмырнамалық кітап төрт бөлімнен тұрады. Кітапта автор марқұм анасы Гүлсара Салтайқызының өмір жолы мен болмыс-бітімін оқырманға шынайы жеткізуге тырысады. Анасы жайлы естеліктер, өлеңдер, арнау, мақалалар, көзкөргендердің ақжарма лебіздері жүрек қылын шертіп, өнеге иіріміне жетелейді. Қазақ аналарының қасиетін қаламмен өрнектеген жаңа кітап бүгінгі қыз-келіншектерге де мотивация беріп, ұлттық өнегені насихаттайды. Ене мен келін, абысын-ажын, қызға қырық үйден тыйым, ұлт тәрбиесінің сара жолына үңілтетін кітап халықтық педагогикаға негізделіп жазылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *