Біле жүріңіз

Көрмедегі көзайым суреттер

Сурет – бейнелеу өнеріне қажет ең маңызды қабілет пен дағдыларды қалыптастыратын бастауыш мектеп сияқты. Сурет салу барысында адам қоршаған ортаны бақылауға, тағы басқа жақсы әдеттерді бойына сіңіруге дағдыланады. Ал, қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Халқымызда Ә. Қастеев, Ғ. Иляев, Г. Исмайлова сияқты қылқалам ұстап тұлғаға айналған таланттар аз емес. Бүгінгі міндет те осындай жарқын өнер иелерінің ізін жалғайтын шығармашыл ұрпақты тәрбиелеп өсіру болса керек.

        Жақында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты оқушылар  үйінде «Оңтүстікте жүрекпен сурет салады» атты көрме өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО клуб мүшесі болып табылатын аталмыш оқушылар үйі мен ОҚМПУ жоғары оқу орны бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуында ОҚМПУ психология кафедрасының профессоры Ілесхан Сманов бейнелеу өнерінің ерекшелігі мен шығармашылық маңызы туралы келелі әңгіме қозғады. Ал, оқушылар  үйі директорының орынбасары Исламбек Көпжасаров шығармашылық иелеріне сәттілік тілеп, рухани шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуға мұрындық болатынын жеткізді.

         Көрмеге барлығы 50-ге жуық шығарма қойылды. Олардың тақырыбы мен автордың қылқалам арқылы жеткізбек болған ойлары да әр алуан. Іс-шараға ОҚМПУ проректоры Рауан Нармаханқызы арнайы қатысып, таланттарға қолдау білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *