Біле жүріңіз

Напалеон тағы 500 еуроға сатылды

Иә, әлемге аты әйгілі Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Татихи құнды жәдігердің ендігі егесінің аты-жөні жария етілмеген. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйі Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан.

Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен қаптаған тақтың алғашқы бағасы небәрі 80 мың еуро деп белгіленген. Өйткені, Наполеон отырған мұндай тақтардың саны бесеу деген пікір оның құнының төмен болуына себеп болған. Ол бес тақтың бірі — Париждің Тюильри сарайында, екіншісі — Сен-Клу қамалында, үшіншісі — Сенатта, төртіншісі — Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі — Париж мэриясында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *