Әлеумет

«Сасық су ауыз сумен араласып кетпесе игі…»

Қызылқұмдықтарда осындай қорқыныш бар  ]�1i�J

 Апта басында Шардара ауданының Қызылқұм ауылынан бірнеше адам хабарласып, ауылдарын су басып жатқаны жөнінде айтқан болатын. Олардың сөзіне қарағанда көше мен қора-жайлар судың ортасында қалған. Ал жергілікті әкімдіктегілер бұған бей-жай қарап отырған секілді.

 «Үйіме су кірмегенімен қора толықтай судың ортасында тұр, – дейді ауыл тұрғыны Қанат Сейданов. – Осы төңіректегі үйлердің әжетханалары суға толып, сыртына шығып жатыр. Он жыл бұрын тартылған құбырлар тұрғындарға бір тамшы су берместен қаңырап тұр. Ал біз қауыз суын ішеміз. Ең сорақысы, сол сасық сулар ауыз сумен араласып кете ме деген қорқыныш та жоқ емес. Жағдай бұлай жалғаса берсе, әжетханадан тасып, көше бойлап ағып жатқан сулар қауызға құйылады. Мұның жұқпалы аурулардың өршуіне жол ашатыны анық. Төтенше жағдай басқармасының мамандарын шақыртып, суды ауылға келтірмейтін бір амалын табу керек».

 Осыған ұқсас жағдайды ауылдың тағы бір тұрғыны Қанатәлі Бегалиев те қозғады. «Көтеріліп жатқан жер асты сулары. Себебі ауылымыздың жан жағы арық пен канал. Сырдария да алыс емес. Бұлақтар ашылып жатыр. Оны бақылайтын адам жоқ. Каналдар мен арықтар тазаланбаған. Осының барлығы ауылды су басуға алып келіп отыр.

 Елді мекен шетінен тұрғындарға үй салуға жер телімдерін бермекші. Ол жерлер қазір судың ортасында тұр. Демек ертең онда баспана тұрғызатындар да осы мәселемен бетпе бет келетіні анық. Себебі мұндай жағдай бізде бірінші рет болып отырған жоқ. Жыл сайын қайталанады. Жазда ештеңеден хабары жоқ адамдар жер телімін қуана алады. Олар көктемде үйлері судың ортасында қалатынын қайдан білсін.

 Мен бұл мәселені әкімдердің есеп беруінде де көтергенмін. Бірақ тыңдайтын адам табылмай тұр ғой. Жол су, қора су. Әйтеуір топан судың үйімізге кірмегеніне шүкіршілік етіп отырмыз. Бұл туралы айтайын десек, ауылда округіміздің әкімі жоқ. Түркістанға оқуға кетіпті. Ауылды су басып жатқанда, оқуын тастап, қайтып келсе де болар еді ғой»

 Иә, ауыл тұрғындары осындай жанайқайларын жеткізіп, шағымдануда. Әрине, есігінің алдында су кілкіп тұрғандықтан олардың ашуға беріліп, тіпті артық айтып жіберуі де мүмкін ғой. Сондықтан біз мәселенің анық-қанығын білу үшін Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Нұралы Исаевқа хабарласқан едік. Расында өзінің оқуда жүргенін жасырмаған Нұралы Жарылқасынұлы былай деді: – Мен оқуда жүрсем де ауылдағы жағдайды күн емес, сағат сайын хабарласып біліп отырмын. Бұл жыл сайын осындай уақытта қайталанатын жағдай. Себебі бізде жер асты суы жоғары. Мұны бәрі біледі. Тұрғындар асыра айтып жібергенге ұқсайды. Бүгін ғана хабарласып білдім, су бір қарыс төмендепті. Бұл судың кері шегінгенін білдіреді.

Каналдар жайын айтар болсам, олар кезең-кезеңімен арнайы бағдарлама аясында тазаланып келеді. Биыл Алатау батыр ауылдық округінің каналдары, келесі жылы біздегі, одан кейін Сүткент бағытындағы каналдар тазаланады. Бұл жоспарлы жұмыс. Қала берді біз де қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, арық-каналдарды тазалап жатырмыз. Тұрғындардың өздері де қарап отырмауы керек. Су басқанда салдарымен күреспес үшін оның алдын алудың жолын қарастыруымыз қажет. Ол үшін әрбір адамның, ауылдың әрбір тұрғынының атсалысқанын қалар едім».

 Рас, әр ауылдың өз ерекшеліктері болады. Қызылқұмдағы түйткілді мәселені шынымен де атқарушы билік пен жергілікті тұрғындар жұмылған жұдырықтай бірлесіп шешпесе, ертең сан соқтыруы ғажап емес. Ал мұндай қадамға бармаса, ертеңгі күні екі жаққа да ауыр болатыны айтпаса да түсінікті. { u= { $u { $�= { $u { M= { $u  �j

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *