Біле жүріңіз

«Тамаша қыз. Маған ұнайды»

Әлеуметтік желіде жалаңаштанған тәніне ұлттық әшекейлерді тағып, елдің сынына ұшыраған Шырын Нарчаева жайында әнші Ерболат Құдайберген өзінің жақсы пікірде екенін білдірді. Тіпті, оның мүсінінің мінсіз екенін айтып, аузының суы құриды.

         «Тамаша қыз! Маған ұнайды. Керемет, әдемі, сүйкімді. Жалпы көзқараспен қарағанда сондай керемет. Сондай қатты көрсеткенін байқамадым. Қолымен әп-әдемі етіп жауып тұрады. Ал енді оны бейнебаянға әрине кәдімгідей шақырады. Қыздардың өздерінің белде, бұғағында түрлі мәселелер болады. Ал ол қыз өзінше керемет мінсіз болып тұр ғой. Содан кейін бәрі клипіне қосады. Мен де қосар едім». «Хит-Тв» арнасына берген сұхбатында әнші осылай деп ағынан жарылады.      Иә, заман-ай десеңізші, бүгінде жалаңаштану ұят емес, өнерге айналып бара жатқанын қайтерсіз! Ал оларды осылай қолдап, қолпаштап отырсақ, жетіскен екенбіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *