Біле жүріңіз

Өзбекстан ұстаздар жалақысын 1000 долларға көтермек

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын көтеру жайы айтылып жүргеніне көп болды. Ішінара, яғни санатына қатысты болмаса, олардың жалақысының жаппай көтерілгенін естігеніміз жоқ. Дегенмен, көнбіс ұстаздар бұған да риза.

Біздің елдің билік басындағылар осылай он ойланып, жүз толғанып, қаражатты қайта-қайта есепке салып жүргенде Өзбекстанда ұстаздар жалақысын көтеру нақты қолға алыныпты. Бұл туралы осы елдің Білім министрі Шерзод Шерматов мәлімдеген.

 Көрші елдегі «Халық сөзі» басылымының жазуынша, мұғалім мәртебесін көтеру үшін ауқымды жұмыстар жасалып жатыр екен. Министр ұстаздардың айлығын өсіру президент Шавкат Мирзиеевтің бастамасы екенін айтқан. Мақсат – педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Ш.Шерматовтың айтуынша, Президент мұғалімдердің айлық жалақыларын бір мың АҚШ доллары көлеміне дейін көтеру жайы бірнеше рет сөз болған. Министр халықпен осындай жақсы жаңалықпен бөліскенімен, оның нақты қашан іске асырылатынын әзірге белгісіз.

Белгілісі Өзбекстанда биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың еңбекақысы өскен. Қазір олар 190 мен 262 АҚШ доллары (1,6 млн – 2,2 млн сум аралығы) аралығында айлық алады. Ал мектеп директорларының қолына ай сайын 285 доллар тиеді. Сынып жетекшілеріне ең төменгі жалақы есебінен 10 пайыз, дәптер тексеруге 50 пайыз қосымша төленеді. Осының барлығын теңгеге шақсақ, Өзбекстанда мұғалімдер 72 мың мен 99.560 арасында жалақы алады деген сөз.

Әрине бұл Қазақстандық мұғалімдердің жалақысымен салыстырғанда аз. Дегенмен, Өзбекстанда тауар құнының арзан екенін ескерсек, ұстаздардың жалақысы жайлы өмір сүруге жетіп қалады деуге болады. Ендігі жерде жалық көлемін мың долларға дейін көтермек ниетте екен. Егер осы айтылған жоба іске асырылар болса, қазақстандық мұғалімдердің де жұмыс іздеп, көрші асып кетпесе болғаны деңіз.

Өзіміздің мықты да тәжірибелі мамандарды өзімізде ұстап қалу үшін мұғалімдерге ертерек нақты жағдай жасап, жалақысын көтеріп, ешқайда кетпеуіне кепіл болуымыз қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *