Біле жүріңіз Өмірдің өзі

Ғаламтор: пайдасы мен зияны

 Ғаламтор дегеніміз – дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушылардың бір-бірімен мәліметтер алмасуы, бейнелер және дыбыс жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді. Қазіргі кезде 2лем мен Ғаламтор тығыз байланысты. Себебі, ғаламторсыз өмір сүру мүмкін болмай қалды.

Қарапайым мысал ретінде алатын болсақ, бүгінде біреу жайлы ақпарат алу оңайға айналды. Суретіне қарап талғам жасайсыз. Статусын көріп оның бүгінгі көңіл-күйін аңғарасыз. Лентасындағы жазбаларын оқып, шолу жасап, оның жалпы қандай адам екенін білуге болады. Рухани, 2лде материалды. Музыкалары мен видеоларын көріп оның жүрегі нені қалайтынын сезіне де аласыз. Тіпті қандай топтарға, парақшаларға жазылғанын көріп оған не қызық екенін де аңғарасыз. Қысқасы, онлайн бейнеңізден басқа барлық ақпаратты біреу емес өзіміз көпшіліктің алақанына салып береміз.

 Жастардың көбісі күні-түнімен алтын уақыттарын ғаламторда өткізгенді әдет қылып алды. Ол адамның өмірінің бір бөлігі секілді. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ғаламтормен бірге өмір сүретін адамдар да аз емес. 2018 жылғы статистика бойынша әлем халқының төрттен бірі ғаламторды пайдаланады екен. Ол дегеніңіз 1,5 млрд. адамды құрайды.

Осы өрмекші секілді бүкіл 2лемді жаулаған ғаламтор екі түрлі кейіпте болады. Біріншісін айтайық. Рас, адамдардың ғаламторды ойлап тапқаны игі істердің бастамалары еді. Алайда уақыт өте келе, бұл ғаламтор адамды дуалап алған секілді. 2рине, пайдасына жарар болса жақсы, алайда жастардың басым бөлігі мағынасыз мылжың әңгімеге алданды. Демек мұны жастардың болашағына балта шабу деп айтпасқа амалымыз жоқ.

Ғаламтордың негізгі көзі «Google»-ге кірмеген адам жоқ шығар. Қазіргі жастар үшін білімнің көзі кітап емес, осы «Google». «Іздегенің алдыңан, қиналмай-ақ табылар» деген ұранмен керектің барлығын тауып ала алады. Бірақ сол үшін ойламаған ақпараттарға қалай кіріп кеткенін, жын-шайтандардың басын қалай айналдырып алғанын байқамай да қалады. Арбауына алданып, жолынан шатасады.

Ғаламторды дұрыс қолдана алатын адамдар үшін оның тигізер пайдасы мол. Бұл енді екінші жағы. Егер де біз ғаламтор мүмкіндіктерін қажетімізге жарата алсақ, бұдан артық пайданың көзін таба алмаймыз. Бизнес, білім, жақын адамдармен қарым — қатынас жасауда болсын пайдасы орасан. Қажет десеңіз, осы ғаламтор арқылы өмірлік жұбын тауып, тағдыр қосып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан жас жұбайлар да көптеп табылады.

Қорыта келе айтарым, достарым, замандастарым, уақытымызды ғаламтордың торына шырмалып, босқа өткізбейік. Адам өзіне керекті ақпараттарды дұрыс қолдана білу керек. «Өмір қамшының қысқа сабындай» демекші, кейін бәрі кеш болып, бармағымызды тістеп, санымызды соғып қалмайық. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *