Қоғам

«Балалар тамағы қатаң бақылауда»

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепте тегін тамақтандыру мәселесі бүгінде күн тәртібіндегі тақырыптардың бірі болып тұр. Біз осы мәселенің Жетісай ауданындағы жағдайын білмек болып, білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиевті сөзге тартып едік. «Жетісай ауданына қарасты 69 мектептегі тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар үшін аудандық бюджеттен 145 906 000 (бір жүз қырық бес миллион тоғыз жүз алты мың) теңге қарастырылған. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31-қазандағы №598 бұйрығына сәйкес аудандық білім бөліміне қарасты 69 мектептегі 2003 тегін тамақтануға құқығы бар білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау жөнінде конкурс өткізілді. Ол талапқа сәйкес білім беру ұйымдары бойынша 69 лотқа бөлініп өткізілді. Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушының бір күндік тамақтану нормасы 335 теңгені құрады.

 Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған лоттар бойынша үш әлеуетті өнім берушіден конкурстық өтінімдер келіп түсті. Жеті лот бойынша конкурстық комиссиямен қызмет берушіні таңдау жөніндегі өлшемшарттар қолданылды. Бір лот бойынша әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінім болмауына, тоғыз лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері конкурсқа қатысуға рұқсат берілмеуіне байланысты конкурс өткізілмеді деп танылып, олар қайта ұйымдастырылды. Нәтижесінде конкурс жеңімпазы болып танылған екі әлеуетті өнім берушімен және бір лот бойынша конкурс екі рет өткізілмеді деп танылуына байланысты жеке кәсіпкермен шарт жасалды. Біз осы келісімдердің тиімді орындалуын бақылайтын боламыз. Балалардың құқының тапталуына жол бермейміз».

 Иә, қолға алынған шаралар қуантады. Тек осы бағыттан айнымай, балаларға сапалы ыстық тамақ беру ісі біржолата жолға қойылса екен деген тілегіміз бар.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *