Біле жүріңіз

«Бір өлеңі хит, бір өлеңі ит…»

«Азия» мен «Бақай» тобының жаңа әні жаппай сынға ұшырады

Қазір қай мейрамханаға барсаңыз да, қай тойғанаға кірсеңіз де «Азия» мен «Бақай» тобының бірігіп шығарған «Опмай-Опмай» әні қонақтарды би алаңына шақырады. Осыдан төрт ай бұрын тыңдармандарына ұсынылған ән лезде хитке айналып, 38 миллион қаралым жинаған.

         Әрине, мұндай жағдай кез-келген адамды шабыттандырады. Әсіресе, өнер адамдарын. «Опмай-Опмайдан» айрықша шабыт алып, соған ұқсас тағы бір жаңа ән жазып, оған бейнебаян түсірген жігіттердің бұл жолғы еңбектері тыңдармандар тарапынан бірден сынға ұшырады. Талғамға талас жоқ демекші, осылайша тағы бір хитке айналады деген шығармалары, тыңдармандардың айтуынша «итке» айналған сыңайлы.

         «Атың өшкір кредит» деп аталатын жаңа әннің тыңдармандарға, біріншіден, сөзі ұнамаса, екіншіден, бейнебаяны да көңілге қонбаған. Әлеуметтік желідегі «Не болса соны шығара беретін болыпты ғой», «Деңгейлері төмен түсіп кетті», «Көтерген тақырыптарың жақсы. Бірақ киімдерің мен әннің сөзіне, қимылдарыңа 3 деген баға», «Бір өлеңің хит, бір өлеңің ит болыпты ғой», «Құдай сақтасын! Мынау енді ән бе? Мән-мағынасы жоқ ән шығарып, еліміздің эстрада өнерін құлдыратып жібердіңдер»,  «Мына әнмен босқа абыройларыңды түсіріп алатын болдыңдар» деген секілді қаптаған сыни пікірлер жаңа әннің сәтсіз шыққандығын байқатса керек.

         Иә, шынында да қазақ эстардасы құлдырап бара жатқаны байқалады. Бәлкім, бұған тыңдармандардың да талғамы, музыка таңдай білу, тыңдай білу мәдениеті әсерін тигізіп те жатқан шығар. Әйтпесе, халық қолдамаса, қолпаштамаса осыған ұқсас даңғаза әндер, «Ninety One» секілді топтардың есер әндері «хитке» айналар ма еді?

         Ендеше, ән, әнші түзелсін десек, ең алдымен тыңдарманның түзелгені қажет-ау.      

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *