Біле жүріңіз

Қадір түні жасалуы абзал 7 амал

1. Өзіңіздің барлық күш-жігеріңізді салып Алла Тағаладан дүние және ақыретіңізді қамтыған қажеттіліктеріңізді сұрайтын дұға жасаңыз. Себебі, Раббымыз бұл түні барлық дұғаларды қабыл етеді.

2. Алла Тағаланың өзіңізге берген күллі нығметтерін есіңізге алып, Оған шүкірлік мақсатында өзіңіз білетін барлық пәктеу сөздерді айтып, Алланы дәріптеңіз. (Мәселен, әлһамдуллилләһ, субханаллаһ, аллаһу акбар, ләә иләәһә иллаллаһ, т.б.).

3. Осы күнге дейінгі барлық күнәларыңыз бен қателіктеріңізді есіңізге түсіріп, Алла Тағаланың кешіруін сұрап дұға жасаңыз. Себебі, барлық күнәларды кешіруші Жалғыз Алла ғана. Сондай-ақ, барша жақсылықтар мен бақыттың кілті болған «Астағфируллаһ» сөзін шамаңыз келгенше көп қайталаңыз.

4. 2 рәкәт болса да нәпіл намазын оқып, намазыңыздың қабыл болуын сұраңыз. Сол түні кім нәпіл намаздарды көбейтсе, 83 жыл 4 ай үздіксіз нәпіл намазда болған адам боласыз.

5. Шамаңыз келетін көлемде садақа беріңіз және садақаңыздың қабыл болуын сұрап Аллаға жалбарынып дұға етіңіз. Осы күні егер кім садақа берген болса 83 жыл 4 ай үздіксіз садақа берген болады.

6. Ардақты Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың мінездері ең көркем болғандары», – деген сүйінші хадисті есіңізге алып, мінезіңізді жақсы жаққа қарай өзгертуге күш салыңыз. Сол күні сіз ешкімге айқайлап сөйлемей, сабырлы болып жүрсеңіз 83 жыл 4 ай сабырлы болған адам боласыз.

7. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сонда сүйіспеншіліктерің артады», ­- деген сөзін есіңізге алып, жаныңызға жақын адамға сыйлық ұсыныңыз. Оның көлемі маңызды емес. Сол күні кім біреуге сыйлық беріп, мейірімділік танытса 83 жыл 4 ай мейірімділік танытып, жақын жүрген адам боласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *