Әлеумет

Керемет кешен болмақ

Таяу болашақта Шымкент шынында да ертегі қалаға айналмақ. Соның бір көрінісі ретінде бой көтеретін Happy land отбасылық ойын-сауық кешенін айтуға болады. Астанада өткен халықаралық экономикалық форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен «Kazakh invest» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды.

Непалдық ірі бизнесмен, Chaudhary group халықаралық холдингінің негізін қалаушы доктор Бинод Чаудхари аталған кешенді салу үшін 60 миллион доллар инвестиция салуға бел буып отыр. Жалпы құны 20 625 000 000 теңге болатын алып жобаны жүзеге асыру үшін «Shymkent» ӘКК тарапынан таштракт ауданында учаске бөлінетін болады.

Оқырманға мағлұмат ретінде айта кетсек, «Happyland» — аквапарк, SPA & Resort қонақ үй, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *