Әлеумет Қоғам

«Ұлттық код – тұтас ұлттың бет-бейнесі»

Шымкенттік жастар Елбасы мақаласынан осыны ұқты

Еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары жарияланғалы оны ел ішінде түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі ретінде 24-мамыр күні Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» Еңбекші аудандық сотының ұйымдастыруымен «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында жастармен кездесу өткізілгенін айтуға болады.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты өз Жолдау мақаласында: «Шын мәнінде немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды.  Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.   

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті», – деген болатын. Тұңғыш президенттің Жолдауда айтқан осы сөздері аталмыш кездесуде кеңінен қолдау тапты. Осы турасында белгілі қоғам қайраткері, экс-депутат Оразкүл Асанғазының жастарға айтқан әрбір сөзін мысал ретінде келтіруге болады. «Біз кімбіз? Әрине қазақпыз. Жер көлемі жөнінен дүние жүзіндегі 200 мемлекеттің ішінде 9-шы орындамыз. Бұл мақтануға тұрарлық емес пе? Қазақ, қассақ бабамыз бізге осындай ұланғайыр жер қалдырды. Оны кім қорғайды? Әрине жастар.

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ бірінші экономика, екінші рухани дүние деді. Құдайға шүкір, қазір жағдай жақсарды. Енді руханиятты ойлайтын кез келді. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында ұлттық код, яғни ұлтымыздың тұтас бет-бейнесі, еліміздің тарихы туралы айтты. Елбасы айтқандай, біздің тарихымызда біз ұялатын ешнәрсе жоқ.

Өкінішке себеп болатын жайттар да кездеспей қоймайды. Мысалы, он қазақтың ортасында өзге ұлттың бір өкілі отырса, оны ана тілімізге үйрету орнына сол ұлттың тілінде немесе орысша сөйлеуге барынша икемделеміз. Осы дұрыс па? Осының өзі тарихты, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, бір сөзбен айтқанда ұлттық кодты білмеудің салдары. Егер сен тарихыңды жақсы білсең, сөзің де басқаша болады.

Мен арнайы аралап көрдім, ең бай кітапхана — Шымкентте. Алайда, ондағы көп кітаптар көрмеде тұрғандай орындарынан қозғалмаған. Сендер тарихты білу үшін кітапты көп оқуларың керек. Сонда дәстүрге де қанығасыңдар, ал дәстүрді әр қазақтың білгені дұрыс. Ұл бала сүндеттелгенде, қыз балаға сырға салғанда болашақты ойлау, оған дайын болу керек. Біз ата-бабаларымыздың батырлығымен, тектілігімен мақтана аламыз. Ал болашақта біз кіндігін көрсеткен қыз бен сырға таққан жігіттерімізбен мақтанатын боламыз ба?

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәсекелестікке қабілеттілік туралы былай дейді: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек». Бұл өте орынды және дер кезінде айтылған сөз. Қарақтарым, сендер мынаны біліңдер, егер отбасы бәсекелестікке қабілетті болмаса онда мемлекет те бәсекелестікке қабілетті бола алмайды. Отбасыда береке болмаса, ол үйден үлгілі болашақ тәрбиеленіп шықпайды. Бұрын жер шарында 9 мың ұлт болса, қазір оның 6,5 мыңы ғана қалған. Қалғандары қайда жоғалды? Әрине бәсекелестікке төтеп бере алмады, қабілетті бола алмады. Біз өзімізге берілген мүмкіндіктен айырылып қалмауымыз керек.

Елбасы өз мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау жөнінде былай деп тамаша айтты: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін?»

 Ғалымдар қанды, шашты, теріні тексергенде текті де таза қан қазақтан шыққан. Жасыратыны жоқ, бүгінде тексіздену процесі жүруде. Себебі көп адам отбасын құруда қателесіп жүр. Бұрын бел құда, бесік құда деген болатын. Шешесін көріп қызын алған. Қазіргідей бір кеште көре салып, ертеңіне алып қашпаған. Қыздар да бір көрген жігіттің жетегіне еріп кете бермеген. Егер ер бала сөз салған қызына қандай қызды алатынын, оның ата-анасына қарайтынын қалайтынын әзілдеп болса да айтсыншы, ертеңіне-ақ қыз өзгеріп шыға келеді. Себебі оған өзіне жақсы жағдай жасайтын жігіт керек. Атам қазақ «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» деп тегін айтпаған. Ер бала үшін де, қыз бала үшін де жар таңдауда жаңылмау аса маңызды.

Қазір әлеуметтік желілерде ақпараттар сапырылысы өте жоғары. Оны көпшілік жастар сараптай бермейді. Содан келіп өзге елдің қаңсығы бізге таңсық бола бастады. Еркек еркекпен, әйел әйелмен жұп құруды жөн санайтындар қатары артты. Мен Америкада болдым. Мұндай әрекетті олардың өздері де қолдамайды. Телеарнада да тектілікке теріс әсері бар бағдарламалар көбейді. Соның бірі – «Қалаулым». Мен ол бағдарлама жайындағы жағымсыз пікірлерді көп естігеніммен, өзім көрмеймін. Сендерге де көрмеуге кеңес беремін. Өзге елдің бағдарламасының көшірмесі. Ол жерде біздің қазаққа керек, пайдалы дүние жоқ екені айдан анық».

 Жастармен кездесу барысында О.Асанғазы осы секілді кесек ойларды көп айтты. Ол кеудесінде көзі бар жастарға әсер етпей қоймады. Оны жастар тарапынан қойылған сұрақтардың көптігінен де байқауға болатын еді. Сауалдардың барлығына Оразкүл Асанғазы тұщымды етіп жауап берді.

Кездесу соңында Шымкенттің жастары Шымкент қалалық соты  азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Парменов пен Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов және Оразкүл Асанғазымен естелік суретке түсіп тарқасты. ��o ���� �p�e����� �����k�

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *