Біле жүріңіз

Құлақ не үшін шыңылдайды?

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с) миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді. Әр жапырақта өмір сүріп жатқан адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар (с.а.с.) Жебірейілден

Бұл не? — деп сұрайды. Жебірейіл:

— Бұл — адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни періштелер: «Сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді», — деп, тірілердің есіне өлімді салып тұрады. Егер ол марқұм пейішке кетсе аттас адамның оң құлағы, тозактық болса сол құлағы шыңылдайды, — дейді. 

Пайғамбар (с.а.с.) миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып: Оң құлақтарың шыңылдаса «Субхан Аллах» (Алла Тағала кемшіліктен пәк) деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса, «Астағфируллах» (Алладан кешірім сұраймын) деп тәубе етіңдер, — деп өсиет айтыпты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *