Біле жүріңіз

Ашуланшақ әйелге арналған 6 кеңес

Бүгінде адамдар, әсіресе, әйелдер тым ашуланшақ болып барады. Бұл отбасыдағы, қоғамдағы татулыққа ғана емес, денсаулыққа да кері әсер ететін жағымсыз фактор. Сол себепті, ашуланбаудың, ашуды дер кезінде басудың амалдарын біліп жүргеніміздің зияны болмас.

1. Ашу мен ыза — ақымақтықтың белгісі. Сондықтан ашуланған адамға Сіз де қарымта дауыс көтерудің орнына өз-өзіңізді ұстауға тырсыңыз. Ренжісіп, оны да, өзіңізді де қинамаңыз. Өткен істі қайта қалпына келтіре алмайтындықтан, оның болашақта қайталанбауы үшін әрекет жасаңыз.

2. «Айтылмаған сөзге — өзің қожасың, ал айтылған сөзге — құлсың» демекші, қандай жағдай болмасын, ашумен ауызға келіп қалған сөзді ақтара беруден аулақ болған жөн. Ашумен айтылған ауыр сөздер, уақыт өте ұмытылар, бірақ, көңілдегі дақтың кетуі қиын. Бір сәттік сабырсыздықтан сақтанып, оның сан жылдық салдармен күресудің қажеті жоқ.

3. Сізді қанша жерден ашуландырып тұрса да ол адамға ештеңе айтпастан, көзіне тіке қарап, кетіп қалыңыз. Бұл әрекетіңіз оған әсер етпеуі, оны ойландырмауы мүмкін емес. Бұл қадамыңызбен сіз оның қателігін бір сәт сезіндіресіз. Айыпты адамның алдында абыройыңыз арта түседі. Осыны есте сақтаңыз. Барлығы ашумен емес, кешірген адамның кейпімен, риясыз көңілмен жасалуы керек.

4. Ашуланған адамға қарымта қайтармаңыз. Одан сіз ұтыласыз. Мұндайда міз бақпай, шыдамдылық танытып отырыңыз. Өзіңізді қоярға жер таппай, бойыңыздағы теріс әрекетті сыртқа шығарып жүрмеңіз. Ондайда жаныңызға жақын адамыңызбен сөйлесіңіз. Сырласып, сырыңызды ақтарыңыз.

5. Өзіңізге іштей «тоқта» деп айтуды әдетке айналдырыңыз. Өмірде кешірілмейтін күнә мен кінә жоқ. Кімнің қателескені, кімнің қателеспегенін ажыратып, айыратын сіз емес. Әркім өзінің амалына қарап, жауап беретіні белгілі.

6. Ашуландырып, адамды ренжітіп алғыңыз келмесе, оның телефон қоңырауларына біраз уақытқа дейін жауап бермеңіз. Өзіңізге өзіңіз келудің тағы бір жолы — жеке қалып, ән тыңдау, не бір сәт таза ауада серуендеу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *