Әлеумет

Апатты көпір үш күнде жөнделді

Жетісай өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Бұл саланы тұрақты дамыту үшін бірінші кезекте су тапшылығына жол бермеу керек болса, өндірілген өнімді өткізуде тасымал, яғни жол, көпір мәселесін реттеу кезек күттірмейді. Онсыз шаруалардың еңбегі еш, маңдай тері зая кетуі әбден мүмкін. Осыны ескерген Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жылысу ауыл округіне қарасты Кәрімата елдімекені тұрғындарының көпірге қатысты өтініштерін тез арада қанағаттандырып берді.

Жергілікті тұрғындар ауылға кіре берістегі үлкен көпірдің құлағалы тұрғанына алаңдап, аудан әкімінен көмек сұраған болатын. Мән-жаймен толық танысу үшін Жамантай Қанайұлы ауылға арнайы барып, көпірдің жағдайын өз көзімен көріп, демеушілер есебінен жөндеуге тапсырма берді. Нәтижесінде үш күн ішінде ауылдағы негізгі көпір жөндеуден өтіп, ел игілігіне қайта тапсырылды.

Бүгінде аталмыш ауыл тұрғындары жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан қиындықтың түйінін әп-сәтте тарқатқан аудан басшысына алғыстартын айтуда. Бұл ауылдағы халықтың негізгі күнкөрісі — ауыл шаруашылығы. Егістік алқаптарындағы бақша дақылдарының пісіп-жетіліп тұрғанын ескерсек, жүк көліктерінің ары-бері қатынауына көпір ауадай қажет болатын. Ауыл тұрғындары өткелдің тез арада қайта жөнделіп, қолданысқа берілгеніне риза болып, өнімді жылдағыдан да артық жинап, қазынаға қомақты қаржы құюға уәде етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *