Әлеумет Қоғам

Қоғамдық көліктер электронды билетке көшеді

Қоғамдық тасымал – Шымкенттегі ең күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады. Өйткені, шымкенттіктердің басым бөлігі бұл саланың қызметін күнделікті пайдаланады. Сол себепті де бүгінде қоғамдық тасымалдауға айрықша көңіл бөлініп келеді.

         Шыны керек, қоғамдық тасымал жағдайына жолаушылар тарапынан жиі шағым айтылып жатады. Осыған орай қоғамдық транспорт жүйесінде жыл басынан бері тиісті мекеме тарапынан 21 транспорт компаниясына қатысты 67 ұйғарым шығарылған. Екі опреатормен қоғамдық тасымал жөніндегі келісім-шарт бұзылған. Бұл туралы қала әкімдігінің ақпарат орталығында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлім етті.

         Басқарма басшысының айтуынша, биыл жаңа 10 әлеуметтік маршрут бойынша автобустар қатынай бастаған. «SHYMKENT» ӘКК тарапынан жыл соңына дейін мың жаңа автобус сатып алу жоспарланса, оның алғашқы 300 данасы маусым-шілде айларында жеткізілмек. Оларда «Оңай» ЖШС-мен бірлесе отырып, электронды билет жүйесі енгізіледі. Бұйыртса, бұл бастама биыл басталып, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында барлық маршруттар толығымен қамтылатын болады.

         Сонымен қатар, мегаполисте жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 11 магистральді көшелер салынып, жөнделетін болады. Жер асты өткелдері мен бес көпір салу да жоспарда бар.            

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *