Біле жүріңіз

Шежірені «алтын жапыраққа» жазып береді

 «Қалауын тапсаң қар жанады» демекші, бүгінгідей ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде неше түрлі кереметтер дүниеге келуде. Тек оған ептілік пен ойдың ұшқырлығы керек. Сайрам ауданының тұрғыны Нұрхан Сейітовты осындай азамат деп айтсақ, қателесе қоймасымыз анық. Ол кісінің қолынан шыққан өнер туындылары бүгінде Оңтүстіктің аумағынан асып, көрші облыстарға, тіпті Өзбекстанға да тарап жатыр екен. Бұл жөнінде ол кісінің өзі былай дейді:

Менің негізгі мамандығым — сәулетші. Зейнетке шыққаннан кейін босқа қарап отыруды қаламай, әр қазақ үшін, кейінгі ұрпақ үшін де пайдалы болар деген оймен ағаш тақтаға шежіре жазуды қолға алдым. Бұл өте тыңғылықты жасалатын жұмыс. Өзіне сай қиындықтары да жоқ емес. Сондықтан көп жасау мүмкін емес. Бір айда екі-үш данасын ғана дайындауға мүмкіндік бар. Бағасы аса қымбат болмағандықтан, тапсырыс берушілер де көп.

 Мен жасаған шежіренің басқалардан айырмасы — тапсырысқа байланысты тақтайға жасалады. Шежіредегі әр адамның аты жазылған бөлікті түнде жарық беретін жапырақ үлгісіндегі алтын түстес қағазбен  безендіремін.. Сонда оны түнде, қараңғы бөлмеде де қиналмай оқи беруге болады. Сондай-ақ, қаракөлеңке бөлмеге сәуле түсіріп тұратындықтан, шамның орнына да пайдалануға болады. Шежіре үлкен бәйтерек үлгісінде жасалады. Оған тапсырыс берушінің толық ата тегі жазылады. Мұны қабырғаға іліп қоюға да болады. Бір қарағанда көрініске де жақсы, аяқ астында да қалмайды. Бетін әйнекпен көмкерсеңіз, тіпті керемет.

 Осылайша Нұрхан ағамыздың қолынан шыққан ағашқа жазылған шежіре алыс аймақтарға да тарап жатыр екен. Біз ол кісінің жоқтан бар жасап, өнерін пайдалы іске жаратып, көпшілікке қызмет атқарып жүргеніне риза болдық.

Шежіреге тапсырыс бергісі келгендер 8-777-329-85-81 телефонына хабарласуларына болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *