Әлеумет

Балық шаруашылығын дамытпақ

Осы жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед Рахымжанұлы өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын. Сол бұғаттардың негізгі құрылысы аяқталып, жуырда үш милионға жуық «карп» шабақтарын жіберу рәсімі өтті. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

 «Дермене Агро Групп» серіктестігінің директоры Д.Дүйсенбі бір жарым жыл ішінде алғашқы балық өнімін алуды жоспарлап отыр. Бір «карп» балығының ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 800 грамм мен 3 келі аралығында болады деген болжам бар.

Қазіргі таңда балық асырау бұғатында төрт азамат тұрақты  жұмыс істеуде. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп, айналаны көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *