Әлеумет Біле жүріңіз

Қалдық су да кәдеге аспақ

Шымкентке келген сапарында Үкімет басшысы осыған куә болды

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин өткен аптада Шымкентке келген сапарында қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобусқа отырып көрді. Әрине, қазақстандықтар үшін осындай жоғары лауазым иесінің қоғамдық көлікке мінгені тосын жаңалық болуы мүмкін. Бірақ ол өзінің осы әрекеті арқылы биліктегілердің де қарапайым халықпен бірге екенін дәлелдегендей болды.

 Үшінші мегаполиске ат басын бұрған үкімет басшысы «Shymkent bus» автопаркінде болып, заманауи техникаларды тамашалады. Тізіліп тұрған жаңа автобустардың біріне мінген Премьер-министр отандық өнімге оң бағасын берді. Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында жергілікті нысандар мен көліктік инфрақұрылымның жұмысымен танысты.

 А.Мамин сонымен қатар қаладағы кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, қалдық суды тазарту жүйесінің жұмысымен танысты. Қалдықтан электр энергиясын алатын биогаз қондырғысының жұмысын көрді. Жауапты мамандардың Үкімет басшысына баяндауынша, 2016 жылы тазарту құрылғыларына жаңарту жұмыстары жүргізіліп, биогаз өндіретін станция орнатылған. Осылайша далаға ағып жатқан қалдық суды да тиімді пайдаланатын технология елге қызмет етпек.

 Жалпы, қала бойынша қалдық су жүйесінің ұзындығы – 838 шақырым.
Қалдық су және кәріз жүйесінің жұмысын одан әрі дамыту үшін қала аумағында алдағы уақытта қуаттылығы тәулігіне 150 мың және 60 мың текше метр болатын екі кәріз тазарту қондырғысын салу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *