Оқшау ой

Балабақша тәрбиешілері тіліне абай болуы керек

Әрбір ата-ана баласын балабақшаға бергенде ол жерден дұрыс тәрбие алса, ойлау және сөйлеу қабілеті барынша дамыса екен деген ниет болады. Бірақ, ғаламторда көрсетіліп жатқан кейбір мәліметтерге назар салсақ, әсте олай емес секілді. Кейде кішкентайларымыздың аузынан үйде айтылмайтын былапыт сөздерді естіп қаламыз бар. Сондайда байыптап қарасаң, ондай әңгімені балабақшадан үйреніп келетініне күмәнің қалмайды.

Дүйсенбі күні Арыс қаласындағы әскери бөлімде қару-жарақ қоймасының жарылғаны бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Ол оқиға қоғамда талай пікірталас тудырғаны секілді балабақша тәрбиешілерінің арасында да кең талқыланғанға ұқсайды. Біздің бұлай деуімізге Шымкент қаласының тұрғыны Нүкәбай Әбілданың айтқан мына сөзі себеп болды. «Сол күні кешке ұлым мен қызымды балабақшадан алып қайттым. Жолда келе жатқанда қызым «Мама Шардара деген теңіз қайда? Соны ашады дей ме, өртті басады дей ме, не жанып жатыр өзі?» – деп сұрамасы бар ма? Өзіме қойылған сұраққа алғашында не деп жауап берерімді білмесем де алаңдаған бала көңілін басу үшін «Қандай өрт, оны кім айтып жүр? Ешқандай өрт болған жоқ. Ал теңіз бізден алыста», – деп жауап бердім.

Бала деген ештеңені де жасырмайды ғой. Ойында не тұрса, соны айта береді. Демек, тәрбиеші балалардың көз алдында телефон арқылы немесе өзара Арыс мәселесін «қызу талқылағаны» анық болып тұр ғой.

Бала болса да қауіпті жағдайды сезген болуы керек, ертеңіне балабақшаға бармайтынын айтты. Неге екенін сұрасам, «су келіп қалса қайтемін, мені қайдан іздейсіздер» дегенде төбемнен біреу мұздау су құйып жібергендей болды. Балабақшада болған әңгіменің бала психологиясына әсер еткенін түсіндім де, тәрбиешіге телефон шалып, қызымның бүгін балабақшаға бармайтынын ескерттім. Балабақшада тәрбиешілердің не болса соны балалардың көзінше айта берулеріне болады ма?», — дейді күйініп.

Расында, жаман сөздер айтылмайтын үйде бала бейәдеп сөзді қайдан үйренеді? Көшеден дейін десең олар әлі үйден ұзап шықпайды. Сондықтан балабақшадағы бала тәрбиесіне, тәрбиешілерді жұмысқа қабылдау ережесіне айрықша назар аудару керек. Өзбекстанда мектепке дейінгі білім саласы білім және ғылым министрлігінің құрамына кірмейді. Өз алдына бөлек құрылым. Бізге де сондай құрылым керек сияқты. Оны ашуға мемлекетіміздің әлеуеті жетеді деп ойлаймын. 7g��

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *