Біле жүріңіз

Доллардың тарихы

Бүгінде әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің экономикасын өзіне тәуелді етіп отырған АҚШ долларын жақсы білеміз. Ал оның ғұмыр-тарихынан қаншалықты хабардармыз? Бүгін біз назарларыңызға massaget.kz сайтында жарияланған, Жолдас Өрісбаевтың дайындаған мәліметтерін назарларыңызға ұсынбақпыз.

1690 жыл: Отарлық кезең. Америка құрлығында қалыптасқан Біріккен Корольдіктің отарлары тәуелсіздікке қол жеткізбес бұрын ағылшын, испан және француз ақша бірліктерін қолданған. Ал Массачусетс түбегінің саудагерлері XVII ғасырдың соңғы ширегінде отар жерлерде ғана қолданысқа ие қағаз ақшаны айналымға енгізеді.

1775 жыл: Континенталды валюта. Американ колонистері тәуелсіздік үшін соғысты қаржыландыру мақсатында жаңа ақша бірлігін Континенталды Конгреске ұсынады. Ұсыныс қабылданып, алғашқы доллардың белгісі бар валюта шығарылады. Дегенмен, қағаздың сапасы сыр беріп, ақша континенталдық деңгейде қолданысқа ене алмайды.

1781 жыл: Бірінші Ұлттық Банк. Континенталды Конгресс соғысты қаржыландыруды жалғастыру мақсатында Филадельфиядағы Солтүстік Америка Банкін «Ұлттық Банк» деп жариялайды.

1785 жыл: Жасыл фон. Континенталды Конгресс долларды «ұлттық валюта» деп қабылдады. Дегенмен, ол кезде долларды басып шығаратын жеке компаниялар қаптап кеткен болатын. Елде қаржы қылмыстары көбейеді.

1789 жыл: Валюта заңдылығы. 1789 жылы конституция қабылданғаннан кейін Конгресс АҚШ-тың Ұлттық Банкіне қағаз банкноттарды шығаруды тапсырады. Содан кейін заңсыз банкнот жасау жойылады. Ұлттық Банк АҚШ-тың қаржы қоры қызметін де атқарады.

1792 жыл: Америкалық тиындар алаңы. Федералды ақша бірлігінің жүйесі Филадельфияда доллар тиындарын жасайтын арнайы орталық ашады. 1793 жылы алғашқы тиындар қолданысқа енеді.

1816 жыл: Екінші Америкалық Банк. АҚШ-тың жиырма жылдық Хартиясы есебінде Екінші Ұлттық Банк құрылады.
         1836 жыл: Ұлттық Банк ескертеді. Ақша айналымының бақылауы қиындап, АҚШ қаржы дағдарысына тап болады. Жеке меншік банктер өздерінің банкноттарын қайта шығара бастайды. Ұлттық Банк 30 000 жасанды банкнотты тәркілейді.

1861 жыл: Азаматтық соғыс. АҚШ жаңа дағдарыс алдында тұрған еді. Америкалық Конгресс азаматтық соғысты қаржыландыру үшін Ұлттық Банкке ақша бірлігінің жаңа нұсқасын шығаруды тапсырады. Оларды «Вексел» деп атайды.

1862 жыл: Доллар. Жасыл түсіне байланысты «доллар» деп аталып кеткен векселдер соңғы рет 1971 жылы шығады. Конгресс тағайындаған қаржы министрлігінің алты қызметкері ұлттық банкнотты тек мемлекеттік мекеме ғана басып шығару құқығына ие екендігі туралы заңға қол қояды.

1863 жыл: Дизайн. Америкалық валютаның дизайны қазына мөрі, қолдан жасалмағанын дәлелдейтін арнайы белгі, баспа станогінің күрделі геометриялық гравюралары, қызыл және көк сызықтары бар өрнектерді қамтиды.

1865жыл: Құпия қызмет. Ұлттық Қазынаның құпия қызметі банкноттардың қолдан жасалуын бақылау мақсатында арнайы бөлім ашады. Себебі, сол кездегі айналымда жүрген банкноттардың үштен бір бөлігі жалған ақша болатын.

1877 жыл: Гравюра және мөрлер бюросы. Қазынаның гравюра және мөрлер бюросы валютаны шығаруды толық еншісіне алды.

1878жыл: Айырбастау. Қолдан жасалған жалған банкноттарды айырбастау үдерісі жалғаса берді. Соңғы айырбастау 1957 жылы тіркелген.

1913 жыл: АҚШ-тың Федералды Қор жүйесін құру туралы заң. 1893 және 1907 жылдары орын алған дағдарыстардан кейін, 1913 жылы Федералды Қор жүйесін (ФҚЖ) құру туралы заң қабылданады. ФҚЖ Ұлттық Банкті Қазыналық қызметтен босатады. Енді Федералды Қор банкноттардың бүкіл баспа орталықтарын біріктіре бастайды.

1929 жыл: Тұрақты дизайн. Валютаның көлемі 25 пайызға кішірейтіледі. Сосын басты бетке тұлғалардың портреті қойылып, артына елтаңба мен тарихи ескерткіштер қойылады.

1957 жыл: Біз Құдайға сенеміз. АҚШ елінің ұраны «In God We Trust» (Біз Құдайға сенеміз) алғаш рет ақша бірлігінде басып шығарылады.
         1990 жыл: Қауіпсіздікті дамыту. Қауіпсіздікті қаматамсыз ету негізінде микромөр енгізіледі. Соның есебінен қолдан басып шығару тағы 25 пайызға азаяды. Алғаш микромөрлер 100$, 50$ және 20$ банкноттарда басылады. 1993 жылға келіп, 1$-дан басқа барлық банкноттар микромөрсіз шығарылмайтын болады.

1994 жыл: Валютаны заманауи қалыпқа келтіру. Қаржы министрі ақша бірлігін жаңарту жобасын ұсынады. Қазіргі айналымда жүрген 100$ банкнот 1996 жылы, 50$ – 1997 жылы және 20$ – 1998 жылы енгізіледі. Көзі нашар көретін адамдарға арнайы доллардың оң жақ төменгі шетінде жанасу арқылы байқалатын сандық мөлшердің бағамы жазылады.
         1998 жыл: 50 штаттың өзара келісімі. Келісімнің негізі жаңа квотерлерді (доллардың төрттен бір бөлігі) ескі нұсқаларына ауыстыру үдерісін барлық штаттарда қолға алу болып табылады. Жаңа квотердің дизайны ұлттың тарихи және дәстүрлі ескерткіштерін қамтиды. 2000 жыл: 5$ және 10$ банкноттарды жаңалау. АҚШ-тың Ұлттық Қоры әлі күнге дейін жалған ақша жасаумен күресіп келеді. Соның аясында әр банкноттың құрылымын күрделендіре бастайды. Аталған банкноттардың алдыңғы бетіне Авраам Линкольн (5$) мен Александр Гамильтонның (10$) портреттері қойылады.

CidZ6543D+JGcLoPsMWQmOdYQsT4DnDNkRCMkxC7+jR4H2QX/yjx8cXXv7N3ysyn98EMyKYhxgn9A+H8+GhcF7BHsZ1BtYBxj2tCITqe/G+YzgLvnajrlEXM6caWpvetdNanS71Q1Nk7wBqfEVkJ3jvJxs5+5Pv4K4PvduYCGUPnKAbTt4/QTdC7MAJutFykxHkQkNvNPfJ2RnOu72w/Og/fvP71HW+bywi5s8h2z1Iv/Atb3os1jt3OKJ5ANvTFRHBfgZ22GFXh/Xcir/LrtBMOHaChJiJ+cmF+uwzBHW3mYwFYv6hWP+AEoC72NAuzRtrTa2/mQG8X0oO5pqIEc/aOxe5ZldjRbZyKnv+TP5EsTBR528mN1aXKjW9qbeZbUeLSoktFfkJMt77DWv+Vz08qjRzgYw1F8ismQsXfCj2Bubdsb62zIJZba+dbC3qg7VfIPt7cd0Kwvfuivvi+V6yfRFaUrmkNZaWDeYGi8Jt/uGy5446dXXiZtZ/Zmfhs3/0x49uY15/Q3+nbbZN/4de8G3UTfVDJX/EubFtXYmwzoLxHDcxVc2RW32sFk1fAOMnsManPoFLvvVpuHw/+4B8fwXKdXLAU/8opfiFjKwGutJ7Vs6WPLJ6o/HxuOSzzsGyvpWHSIYpHkmMRGeW3DVo30MkJkdKHFJFf9sCqzgAwLAqBkkcqKKfyNxIMG1YykiDm2Kvp7dLfm7TKjat4p

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *